
Қазақстан Республикасы 2020 жылғы 24 маусымда ЭЫДҰ Депозитарийіне Салықтық базаны бүркемелеуге және пайданы салық салу аясынан алып кетуге қарсы іс-қимыл жасау мақсатында салықтық келісімдерге қатысты шараларды орындау жөніндегі көпжақты конвенцияны ратификациялау туралы құжатты ұсынды.
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі BEPS жобасы аясында ЭЫДҰ стандарттарын енгізу бойынша жұмыс жүргізуде. Міндетті қадамдардың бірі - Салықтық базаны бүркемелеуге және пайданы салық салу аясынан алып кетуге қарсы іс-қимыл жасау мақсатында салықтық келісімдерге қатысты шараларды орындау жөніндегі көпжақты конвенцияға қосылу.
Қазақстан Республикасы осы конвенцияны 2020 жылғы 20 ақпанда ратификациялады.
Бүгінгі таңда Көпжақты конвенцияға қол қойған 94 елдің ішінде 48 мемлекет ратификациялау туралы өтініш берді. Қазақстан Республикасы салық конвенцияларын жасаған елдердің 25-і Көпжақты конвенцияны ратификациялады.
Көпжақты конвенцияның 34-бабына сәйкес ратификациялау грамотасы сақтауға тапсырылған күннен басталатын күнтізбелік үш ай өткеннен кейін Көпжақты конвенция күшіне енеді. Осыған орай, Қазақстан үшін бұл құжаттың күшіне ену күні – 2020 жылдың 1-і қазаны.
Көпжақты конвенцияның 35-бабына сәйкес төлем көзінен табыс салығы бойынша Көпжақты конвенция күшіне енген жылдан кейінгі жылдың 1 қантарынан бастап салық конвенцияларына өзгерістер енгізіледі.