Жарияланған күні: 22.12.2021 18:43
Өзгертілген күні: 22.12.2021 18:44

«Бухгалтерлік есепті жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 31 наурыздағы № 241 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрі бұйрығының жобасы (бұдан әрі – бұйрықтың жобасы) «Электрондық шот-фактуралар» ақпараттық жүйесінде жазып берілген орындалған жұмыстардың электрондық актілерін заңды деп тану мақсатында әзірленді.

 

Бұйрық жобасы 2018 жылғы 1 сәуірден бастап туындаған құқықтық қатынастарға таралады.

 

Бұйрық жобасы 2021 жылғы 12 желтоқсанда ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталына (https://legalacts.egov.kzpa/view?id=13763851). орналастырылған

 

Бұйрық жобасын жария талқылауды өткізу мерзімі 2021 жылғы 28 желтоқсан.