Жарияланған күні: 15.04.2024 19:52
Өзгертілген күні: 15.04.2024 20:10

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігімен «Салық төлеуші және (немесе) үшінші тұлға кепілге қойған мүлікті, сондай-ақ салық төлеушінің (салық агентінің) билік ету шектелген мүлкін - салық берешегі есебіне, төлеушінің - кедендік төлемдер, салықтар, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждары, өсімпұлдар, пайыздар бойынша берешегі есебіне өткізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 1 ақпандағы № 111 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қаржы министрі бұйрық жобасы (бұдан әрі – Жоба) әзірленді.

Жоба Қазақстан Республикасы Жоғары аудиторлық палатасының мемлекеттік аудит қорытындысын орындау үшін салық төлеушінің мүлкін сатудан түскен сомалар есебінен өтелуге жататын шығындардың нақты тізбесін, сондай-ақ сыйақы мөлшерлемелерін айқындау бөлігінде және «Проблемалық кредиттер қоры» Акционерлік қоғамының мемлекеттік кірістер органдарымен өзара іс-қимылды нақтылауға, сондай-ақ сауда-саттықты ұйымдастырушының компанияның банк шотына ақша аудару мерзімдерін қысқартуға қатысты енгізілген ұсыныстарын ескере отырып әзерленді. Сондай-ақ, Қазақстан Республикасы Жоғары аудиторлық палатасының нұсқамасың орындау мақсатында веб-порталда сауда-саттыққа қатысу үшін кепілдік жарналарды қабылдауды және қайтаруды қамтамасыз ететін электрондық әмиянды мемлекеттік мүлік тізілімін құру мүмкіндігін қарау үшін.

Бұл Жоба https://legalacts.egov.kz/arm/admin/viewcard?id=15014357 ашық нормативтік-құқықтық актілердің интернет-порталына 2024 жылдың 12 сәуірде орналастырылған.

Жобаны жария талқылауды өткізу мерзімі – 2024 жылдың 26 сәуірге дейін.