Жарияланған күні: 31.08.2023 12:33
Өзгертілген күні: 01.09.2023 09:54

  Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес келтіру мақсатында «Салық өтініштерінің нысандарын бекіту туралы «Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 12 ақпандағы № 160 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қаржы министрі бұйрығының жобасын әзірледі.

Нормативтік құқықтық актінің жобасын қабылдау үшін негіздемелер салық төлеушінің салық есептілігін кері қайтарып алу туралы салық өтінішінің нысанын «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне сәйкес келтіру болып табылды, онда көрсетілген бұйрыққа 3-қосымшаға қосымша торкөздер енгізілді.

Сондай-ақ, салықтық өтінішті оңтайландыру мақсатында салықтарды, бюджетке төленетін төлемдерді, кедендік төлемдерді, өсімпұлдарды, пайыздар мен айыппұлдарды есепке жатқызуды және (немесе) қайтаруды жүргізуге арналған салықтық өтініш нысаны қайта қаралды, онда осы бұйрыққа 15-қосымша жаңа редакцияда жазылды.

Бұл бұйрық 21.08.2023 жылғы ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында орналастырылған:     

- https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=14678011.