Жарияланған күні: 09.08.2022 18:22
Өзгертілген күні: 09.08.2022 18:31

Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес келтіру мақсатында «Есепке алу-бақылау маркаларын алу, есепке алу, сақтау, беру және өндірушілердің және (немесе) импорттаушылардың Қазақстан Республикасына алкоголь өнiмiн импорттау және (немесе) өндіру кезiнде есепке алу-бақылау маркаларын нысаналы пайдалану туралы мiндеттемесiн, есебiн ұсыну қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 8 ақпандағы № 144 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары –  Қаржы министрі бұйрығының жобасын әзірледі. Бұдан басқа, бұйрық жобасы есепке алу-бақылау маркаларын мақсатты пайдалану туралы өндірушінің міндеттемесін қамтамасыз ету мөлшері бөлігінде өзгерісті қамтиды.

Осы бұйрық ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталына орналастырылған: https://legalacts.egov.kz/arm/admin/viewcard?id= 14005709  2022 жыл.11.07.