
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі «Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 24 сәуірдегі № 387 Қаулысына толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметі қаулысының жобасын (бұдан әрі – Жоба) «Заңсыз иемденілген активтерді мемлекетке қайтару туралы», «Заңсыз иемденілген активтерді мемлекетке қайтару мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2023 жылғы 12 шілдедегі заңдарын және "Прокуратура туралы" Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы " 2023 жылғы 12 шілдедегі Қазақстан Республикасының Конституциялық заңын ске асыру мақсатында әзірленді.
Жобаны қабылдаудың мақсаты Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 24 сәуірдегі № 387 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі туралы ережені «Заңсыз иемденілген активтерді мемлекетке қайтару туралы», «Заңсыз иемденілген активтерді мемлекетке қайтару мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2023 жылғы 12 шілдедегі заңдарына және ««Прокуратура туралы" Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2023 жылғы 12 шілдедегі Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына сәйкестендірілу болып табылады.
Бұйрықтың жобасы ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында орналастырылған https://legalacts.egov.kz/arm/admin/viewcard?id=14690103 2023 жылғы 29 тамыз (14690103).
Қаулы жобасын жария талқылауды өткізу мерзімі - 2023 жылғы 13 қыркүйекке дейін.