Жарияланған күні: 07.02.2023 09:39
Өзгертілген күні: 07.02.2023 09:41

ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитеті мұнай өнімдерін өндіру саласындағы уәкілетті органның келісімі және жоғарыда көрсетілген жұмыстарды жүргізуге уәкілетті ұйыммен шарт және осы мақсаттар үшін авиациялық отын үлгілерінің (сынамаларының) және көлемдерінің қажетті саны көрсетілген хат болған жағдайда, авиациялық отынды (реактивті қозғалтқыштарға арналған отынды) өнеркәсіптік өндіріске қою, оны өнеркәсіптік өндірудің технологиясын бекіту және/немесе қайта бекіту мақсатында тәжірибелік-өнеркәсіптік партиядан қоспаларды іріктеу, үлгілерді біліктілік және зертханалық сынау жөніндегі ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу үшін авиациялық отынды әкетуді қоспағанда, автомобиль көлік құралдарын дайындаушы зауытпен көзделген бензин бактарында әкетуді, жағармайды қоспағанда, бензиндерді, дизель отынын және мұнай өнімдерінің жекелеген түрлерін Қазақстан Республикасының аумағынан автомобиль көлігімен әкетуге алты ай мерзімге тыйым салу туралы хабарлайды (2023 жылғы 1 ақпаннан 2023 жылғы 31 шілдеге дейін жарамды).

Бұған дейін автомобиль көлігімен бензин, дизель отыны және мұнай өнімдерінің жекелеген түрлерін әкетуге тыйым салу 2022 жылдың шілдесінде алты айға ұзартылған болатын.

Бүгінгі күні Қазақстан Республикасында мынадай тауарларды әкетуге тыйым салынғанын қосымша хабарлаймыз:

  1.  Қара және түсті металдардың сынықтары мен қалдықтары (2022 жылғы 2 қарашадан 2023 жылғы 1 мамырға дейін жарамды);
  2. Ағаш материалдарының жекелеген түрлері (2022 жылғы 9 желтоқсаннан 2023 жылғы 8 маусымға дейін жарамды);
  3. Тірі ірі қара, қой және ешкі (2022 жылдың 3 қыркүйегінен 2023 жылдың 2 наурызына дейін жарамды);
  4. Автомобиль көлігімен тас көмірдің жекелеген түрлері (2022 жылғы 26 қыркүйектен 2023 жылғы 25 наурызға дейін).