Жарияланған күні: 30.11.2021 19:19
Өзгертілген күні: 30.11.2021 19:20

«Электрондық сәйкестендіргіштерді (навигациялық пломбаларды)

пайдалану қағидаларын бекіту туралы»

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің

2020 жылғы 8 қазандағы № 971  бұйрығына өзгерістер енгізу туралы»

Қазақстан Республикасының Қаржы министрі бұйрығының жобасына

БАСПАСӨЗ-РЕЛИЗІ

 

 

«Электрондық сәйкестендіргіштерді (навигациялық пломбаларды) пайдалану қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2020 жылғы 8 қазандағы № 971  бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Қаржы министрі бұйрығының жобасы (бұдан әрі – Бұйрық жобасы) «Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасы Заңына сәйкестендіру мақсатында әзірленді.

Бұйрықтың жобасы қолданыстағы «Автомобиль көлiгi туралы»  Қазақстан Республикасы Заңына сәйкестендіру мақсатында редакциялық өзгерістерді және нақтылаушы тузетулерді көздейді.

Бұйрық жобасы нормативтік құқықтық актілердің ашық порталында (http://legalacts.egov.kz) орналастырылды.