Жарияланған күні: 26.10.2021 15:53
Өзгертілген күні: 16.11.2021 11:51

Үш салық төлеуші бойынша мәселелер сотқа дейін реттелген, жалпы сомасы 52,1 млрд.теңге салықтар бюджетке өз еркімен төленген.Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында Мемлекеттік кірістер комитеті ірі салық төлеушілер департаментінің директоры Ануар Сүлейменов хабарлады.

Бүгінгі күні Мемлекеттік кірістер комитеті салықтық әкімшілендіруді реформалауға және оңайлатуға ерекше көңіл бөлуде.

Цифрлық шешімдерді енгізу мен қашықтықтан әкімшілендіруді дамытуда оңайлатудың әлеуеті ескеріліп, оның басымдығы транспаренттік қатынастарға негізделген жаңа жоба – деңгейлес мониторинг болып табылады.

2020 жылғы шілдеден бастап Қазақстан Республикасында 2023 жылдың 31 желтоқсанына дейін жалғасатын деңгейлес мониторингті енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды.

Пилоттық жобаны іске асыру мақсатында Мемлекеттік кірістер комитеті бизнес-қоғамдастықпен бірлесіп оны жүргізу қағидаларын әзірледі және бекітті, сондай-ақ салық төлеушілердің санаттары айқындалды.

Деңгейлес мониторингтің негізгі мақсаты қатысушылардың ақпараттық жүйелерге қашықтықтан қол жеткізуін белгілеу жолымен салық төлеушілердің тәуекел операцияларын жүзеге асыруына және салық және өзге де заңнаманы бұзушылықтарына уақытылы ден қоюы және олардың алдын алу болып табылады.

Бүгінгі таңда пандемиядан ең аз зардап шеккен экономиканың әртүрлі салаларындағы ірі салық төлеушілер Пилоттың қатысушылары болып табылады.

Мәселен:

1. Пилоттық жобаға қатысуға дербес ниет білдірген және мемлекеттік кәсіпорындарды қоспағанда, коммерциялық ұйым болып табылатын, бір мезгілде бірқатар шарттар мен өлшемшарттардың өзара іс-қимылы туралы келісім жасасу туралы өтініш берген күнге сәйкес келетін салық төлеушілер:

- салық төлеушінің тіркелген активтері кемінде 325 000 еселенген АЕК құрауы тиіс;

- салық төлеуші төлеген салық сомасы - 1 млрд. теңгеден кем емес;

- салық төлеуші автоматтандырылған бухгалтерлік және салықтық есеп жүргізуі тиіс;

- салық төлеуші қаржылық есептілік пен ішкі бақылау жүйесінің болуын қамтамасыз етуі тиіс;

- сондай-ақ тәуекелдің төмен немесе орташа деңгейіне жататын салық төлеушілер.

2. Акцияларының бақылау пакеті Ұлттық басқарушы холдингке, яғни квазимемлекеттік сектор компанияларына тиесілі салық төлеушілер;

3. Өнімді бөлу туралы келісімде көрсетілген сенім білдірілген тұлғалар немесе жер қойнауын пайдаланушылар, сондай-ақ олардың еншілес немесе байланысты компаниялары;

4. Инвестициялық басым жобаларды іске асыратын ұйымдар пилоттық жобаның қатысушылары бола алады.

Нәтижесінде, бүгінгі таңда 10 ірі салық төлеуші пилоттық жобаның қатысушылары болып табылады, экономиканың түрлі секторларындағы тағы 20 компаниямен келіссөздер жүргізілуде.

Халықаралық практикада деңгейлес мониторинг ірі салық төлеушілерді салықтық әкімшілендірудің тиімді моделі болып табылады, ол екі кезеңде жүзеге асырылады - жоба алдындағы жұмыстар және пилоттық енгізу.

Жоба алдындағы жұмыстар кезінде деңгейлес мониторингке кіру үшін ішкі бақылау жүйесін және есепке алу жүйелерін зерделеу және дайындық жұмыстары жүргізіледі.

Бұдан әрі есепке алу жүйелеріне қашықтан тұрақты қол жеткізе отырып, пилоттық енгізу жүргізіледі, онда ішкі бақылау жүйесіндегі тәуекелдер жөніндегі комитеттің, жоба алдындағы жұмыстар кезінде анықталған бизнес-процестерді және есепке алу жүйелерін автоматтандыру ұсынымдары енгізіледі.

Қашықтықтан ақпараттық өзара іс-қимыл жасау және процестерді жеткілікті автоматтандыру есебінен деңгейлес мониторингке қатысу салық төлеушілерге салықтық бақылауды сүйемелдеу бойынша шығындарды айтарлықтай қысқартуға мүмкіндік береді.

Бұл ретте пилоттық жоба барысында туындайтын даулы мәселелерді Комитет қызметкерлері мен пилоттық жобаға қатысушы өкілдерінен құрылатын келісу комиссиясы қарайтын болады.

Осылайша, деңгейлес мониторинг салықтық тәуекелдерді  айтарлықтай төмендетуге, сондай-ақ бюджетке уақтылы түсімдерді қамтамасыз етуге және 3 жылдан астам созылуы мүмкін салықтық тексерулердің қорытындылары бойынша ұзақ дауларды болдырмауға мүмкіндік береді.

Пилоттық жобаға қатысушылар мемлекеттік кірістер органдарымен сенімді серіктестік қарым-қатынастарға, адал салық төлеушілер ретінде танылуға және компаниялардың ішкі, сондай-ақ жаһандық нарықтағы инвестициялық тартымдылығын арттыруға сенім арта алады.

Жалпы, Қазақстанда деңгейлес мониторингті дамыту стратегиясы толық автоматтандыруға және типтік платформаларды енгізуге, бухгалтерлік және салықтық есепке алу деректерін автоматты түрде салыстырып тексеруге және тәуекелге бағдарланған тәсілді қолдану есебінен тәуекел салаларын нақты анықтауға болады