Жарияланған күні: 17.01.2022 15:31
Өзгертілген күні: 17.01.2022 15:33

2021 жылғы 20 желтоқсанда «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының кодексіне (Салық кодексі) өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының № 85-VII Заңына және «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексін (Салық кодексі) қолданысқа енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойылды, олар мынадай негізгі өзгерістерді көздейді:

салық органдары қалыптастырған салық төлеушінің деректеріне олардың салық міндеттемелерін орындауы туралы ашық рұқсат беру мақсатында және халықты (сатып алушыларды, қызметтерді пайдаланушыларды), контрагенттерді және т. б. хабардар ету мақсатында «салық төлеушінің паспортын» енгізу;

«салықтық мобильді қосымшаны» енгізу арқылы жеке тұлғаларға мүлік салығы, жер салығы және жеке тұлғалардың көлік құралдары салығы бойынша салық міндеттемелерінің есептелген сомалары туралы және (немесе) салық берешегінің сомасы туралы мәліметтер ұсынылады, сондай-ақ салық органы есептеген салық сомалары туралы хабарламалар тапсырылады;

мәліметтерді беру бөлігінде:

мобильді төлемдер арқылы ағымдағы шотқа түскен күнтізбелік жыл үшін төлемдердің жиынтық сомалары бойынша;

ай сайын жекелеген арнаулы салық режимдерін қолданатын және осындай мәліметтер бойынша банктік құпияны ашуға келісім бере отырып, «Е-Salyq Business» мобильді қосымшасын пайдаланатын жеке кәсіпкердің банктік шотына келіп түскен қорытынды сомалар бойынша.

ЖК немесе жеке практикамен айналысатын адам ретінде тіркеу есебінде тұрмайтын жеке тұлғалар бойынша белгілі бір критерийлер бойынша кәсіпкерлік қызметті жүзеге асырудан табыс алу белгілері бар анықталған операциялар бойынша (01.01.2025 ж. бастап) екінші деңгейдегі банктердің және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың міндеттерін кеңейту;

GOOGLE салығын әкімшілендіру мақсатында:

екінші деңгейдегі банктердің, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың, сондай-ақ төлем ұйымдарының уәкілетті органға шетелдік интернет-компаниялардың пайдасына және бөлінісінде жеке тұлғалар жүзеге асырған күнтізбелік жыл ішіндегі төлемдер мен аударымдардың жиынтық сомалары туралы ақпаратты беру міндеті;

уәкілетті органның жеке тұлғалар шетелдік интернет-компаниялардың пайдасына және бөлінісінде жүзеге асырған күнтізбелік жыл ішіндегі төлемдер мен аударымдардың жиынтық сомалары туралы ақпарат алу мақсатында екінші деңгейдегі банктерге, банк операцияларының жекелеген

түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарға, төлем ұйымдарына салық құпиясын құрайтын салық төлеуші (салық агенті) туралы мәліметтерді беруі;

интернет-алаңы арқылы тауарлармен электрондық сауда және жеке тұлғаларға электрондық қызметтер көрсету жүзеге асырылатын шетелдік компанияларды салықтық әкімшілендіру мақсатында мерчент ID жаңа ұғымын енгізу;

интернет-алаңы арқылы тауарлармен электрондық сауда және жеке тұлғаларға электрондық қызметтер көрсету жүзеге асырылатын шетелдік компаниялардың қосымша деректемелерді, оның ішінде осындай шетелдік компанияларды шартты тіркеу мақсатында төлемдерді және (немесе) ақша аударымдарын қабылдау үшін қолданылатын мерчент ID деректерін ұсынуы;

бір жылдан астам мерзімге салықтарды және (немесе) төлемақыларды төлеу бойынша бөліп-бөліп төлеуді ұсыну салық төлеушінің және (немесе) үшінші тұлғаның жылжымайтын мүлкін кепілге қою арқылы және (немесе) банк кепілдігімен ғана көзделген, бұл ретте жеке тұлғаның, ЖК-ның, жеке практикамен айналысатын адамның жалғыз тұрғын үйі кепіл нысанасы бола алмайды;

салық есептілігінің деректеріне сәйкес талап қою мерзімі кезеңінде кәсіпкерлік қызметті жүзеге асырмаған қосылған құн салығын төлеушілердің қызметін тоқтату тәртібін оңайлату;

мобильдік төлемдер арқылы жүзеге асырылатын тауарларды сатып алу, жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету үшін ақшалай есеп айырысулар кезінде «мобильдік төлемдерді пайдалана отырып» есеп айырысулардың «ақшалай есеп айырысулары» ұғымына енгізілуіне байланысты онлайн бақылау-касса машиналарын қолдану;

«тауарлар айналымының қадағалануы» - қадағалануға жататын тауарлардың және Ұлттық бақылану жүйелерін (ЭШФ АЖ) пайдалана отырып, осындай тауарлар айналымына байланысты операциялардың есебін ұйымдастыруды көздейтін мемлекеттік бақылаудың жаңа нысаны. Салық төлеушілер үшін электрондық құжаттар түрінде ілеспе құжаттарды ресімдеу бойынша міндеттер көзделеді;

резидент еместің табысынан төлем көзінен ұсталатын корпоративтік табыс салығы бойынша салық салу объектілері болмаған кезде салық агентіне салық есептілігін ұсынбау құқығын беру;

өзара байланысты тарапқа не өзара байланысты тараптың міндеттемелері бойынша үшінші тұлғаларға берілген активтерді қоспағанда, кредиттік серіктестікке берілген микрокредиттер бойынша күмәнді және үмітсіз активтерге қарсы провизиялар (резервтер) құру жөніндегі шығыстар сомасын, сондай-ақ олар бойынша сыйақылар шегеруге құқық беру;

2020 жылғы 1 қазаннан бастап цифрлық таңбалаудың іске қосылуына байланысты «акциздік таңбалар» терминін «сәйкестендіру құралдарына» ауыстыру;

Еуразиялық экономикалық одақтың «алкоголь өнімінің қауіпсіздігі туралы» техникалық регламентіне (ЕАЭО ТР 047/2018) сәйкес келтіру мақсатында «шарап материалы» және «сыра және сыра сусыны» терминдерін «шарап құю» және «сыра қайнату өніміне» ауыстыру;

алкоголь өнімін отандық өндірушілер үшін акцизден кейінгі төлемді енгізу акцизді төлеудің екі тәсілін көздейді: есепке алу-бақылау маркаларын (ЕБТ) алғанға дейін және оны тиеп жөнелту күні ЕБТ-ны мақсатты пайдалану туралы міндеттеме ұсынылған кезде. Бұл шара отандық алкоголь өнімін қолдауға және алкоголь өнімінің импортын тежеуге мүмкіндік береді, арақ өндірушілерді темекі өнімдері мен сыра өндірушілерімен теңестіреді және екінші деңгейдегі банктерде жоғары мөлшерлемемен тартылатын Елеулі айналым қаражатын босатуға мүмкіндік береді;

«Зиянды салық практикасына қарсы іс-қимыл» BEPS 5 стандартын енгізу (01.01.2023 ж. бастап) мыналарды көздейді:

«Астана Хаб» халықаралық технологиялық паркіне қатысушылардың осындай бұзушылыққа жол берілген салық кезеңі басталған күннен бастап шарттар бұзылған жағдайда салық салудың жалпыға бірдей белгіленген режимін қолдануы;

«Астана Хаб» халықаралық технологиялық паркі мен ақпараттық технологиялар саласындағы қызметті жүзеге асыратын арнайы экономикалық аймақтар қатысушыларының КТС бойынша салықтық жеңілдіктерді қолдануын экономикалық мазмұн талаптарына және нексус тәсіліне сәйкес келмеген жағдайда шектеу;

ЭЫДҰ-ның әрбір зияткерлік меншік объектісі бойынша залалды айқындау жөніндегі талаптарына байланысты «Зияткерлік меншік объектісі үшін залал» ұғымын нақтылау;

зияткерлік меншік объектісі бойынша залалды өтеу тәртібі мен мерзімдерін белгілеу;

Қазақстан Республикасының аумағында жоқ өндіріс құралдары бойынша есепке алу әдісімен импортталатын тауарларға ҚҚС есепке жатқызу әдісінің қолданылу мерзімін 2025 жылғы 1 қаңтарға дейін ұзарту, сондай-ақ ҚҚС есепке алу әдісімен төленетін Қазақстан Республикасының аумағына импортталатын тауарлардың, пестицидтердің, асыл тұқымды жануарлардың барлық түрлерін және тірі ірі қара малды қолдан ұрықтандыруға арналған жабдықтардың тізбесінен алып тастау;

ҚҚС төлеуші ҚҚС бақылау шотын пайдаланған кезде ҚҚС асып кетуін қайтару ерекшеліктерін көздейтін норманы алып тастау;

салық кезеңінде шикізат экспортынан түскен валюталық түсімнің кемінде 50 пайызын айырбастауды жүзеге асырған кәсіпкерлік субъектілеріне ҚҚС асып кеткен сомасының 80 пайызынан аспайтын мөлшерде оңайлатылған қайтару;

салық салынатын кірісті айқындау мақсатында ЕТЖ-ны АЕК баламасына ауыстыру;

пандемия жағдайында шағын және орта бизнестің шығындарын азайту мақсатында жүк көтерімділігіне қарай салық салу тәртібімен шағын көлемді фургондарды жүк автомобильдеріне жатқызу;

ядролық қауіпсіздік аймағы үшін преференциялар:

жер салығы салынбайтын жер санаттарының тізбесін ядролық қауіпсіздік аймағы жерлерімен толықтыру.

ядролық қауіпсіздік аймағы жерінің аумағында орналасқан және радиоактивті қалдықтарды орналастыру және ядролық физикалық қорғауды қамтамасыз ету үшін пайдаланылатын мүлікке, ғимараттар мен құрылыстарға салық салуға жатпайтын объектілердің тізбесін толықтыру;

ядролық қауіпсіздік аймағы жерінің аумағында ядролық сынақтар жүргізу нәтижесінде пайда болған радиоактивті кірістерді орналастырғаны үшін төлемақы ставкаларына 0 коэффициентін белгілеу;

жеке тұлғалардың көппәтерлі тұрғын үйлердегі және жеке мақсаттарда пайдаланылатын қоймалар бойынша мүлік салығы бойынша салық міндеттемелерін орындауын оңайлатуды салық есептілігін ұсыну жөніндегі міндет алып тасталады, ал салық базасын айқындауды және қоймалар бойынша салықты есептеуді салық органдары «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы айқындайтын құн негізінде жүргізеді, бұдан бұрын салық базасын (объектінің бағалау құнын) айқындауды, салық есептілігін табыс ету жөніндегі міндеттеменің, сондай-ақ салық есептілігін ұсынуды жеке тұлғалар дербес жүзеге асырды;

шетелдік автокөлік құралдарымен атмосфераға ластаушы заттардың (пайдаланылған газдардың) шығарылуымен байланысты шығыстарды жабу және Қазақстан Республикасының автожол төсемін күтіп-ұстау мақсатында халықаралық қатынаста жолаушылар мен жүктерді тасымалдауды жүзеге асыратын шетелдік автокөлік құралдары үшін Қазақстан Республикасының аумағына (аумағынан) кіргені (кеткені), аумағы арқылы транзиті үшін алым мөлшерлемесін 20 АЕК-тен 30 АЕК-ке ұлғайту (01.01.2023 ж. бастап);

ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы уәкілетті орган цифрлық майнинг үшін төлемақыны төлеушілер, салық салу объектілері, олардың орналасқан жері туралы және цифрлық майнинг үшін төлемақыны тиімді әкімшілендіру мақсатында уәкілетті орган белгілеген нысан бойынша электр энергиясының көлемдері туралы мәліметтермен ұсынатын мәліметтер тізбесін толықтыру;

«Әкімшілік талап қою» ұғымы енгізілетін «Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексі» Қазақстан Республикасы Кодексінің (бұдан әрі – ӘРПК) нормаларына сәйкес келтіру мақсатында, сондай-ақ әкімшілік талап қоюлардың (дауласу туралы талап қою, мәжбүрлеу туралы талап қою, іс-әрекет жасау туралы талап қою, тану туралы талап қою) нысанасына және негіздеріне қарай бөлінетін әкімшілік талап қоюлар жүйесі белгіленеді;

мынадай қызмет түрлерін жүзеге асыру кезінде шағын бизнес субъектілері үшін арнаулы салық режимдерін (АСР) қолданбау: маркетингтік қызметтер, сауда базарын жалға алу және пайдалану, кәсіпкерлік қызметте (тұрғын үйлерді қоспағанда) пайдаланылатын (пайдалануға жататын) меншікті жылжымайтын мүлікті жалға беру және басқару, сауда объектілерін (сауда базарларын) қосалқы жалға беру және осындай жалға алынатын объектілерді басқару, бір қонақ үйдің немесе жеке тұрған ғимараттың аумағында қонақүйлердің қызметтер көрсетуі саласындағы екі немесе одан да көп салықтөлеушінің қызметі)

бизнесті бытырату жолымен салықтық оңтайландыру схемаларын болдырмау мақсатында (01.01.2023 ж. бастап);

бірыңғай жиынтық төлемді төлеушілер жүзеге асыратын қызмет түрлерін шектеу. Мәселен, консультациялық және (немесе) маркетингтік қызметтерді, бухгалтерлік есеп немесе аудит саласындағы қызметті, қаржы, сақтандыру қызметін және сақтандыру брокері мен сақтандыру агентінің делдалдық қызметін, құқық, әділет және сот төрелігі саласындағы қызметті жүзеге асырған кезде агенттік шарттардың (келісімдердің) негізінде қызмет көрсететін тұлғалар БЖТ төлеушілер болып танылуға құқылы емес (01.01.2023 ж. бастап);

инвестициялық басым жоба және инвестициялар туралы келісім жөніндегі КТС 100 пайызға азайтуды қолдану тәртібіне жаңа өндірістер ретінде енгізілген, инвестициялық жоба шеңберінде кеңейтілген немесе жаңартылған тіркелген активтерді пайдалану арқылы кіріс алған жағдайда осындай азайтуды қолдану бөлігін нақтылау;

арнайы мобильдік қосымшаны пайдалана отырып, жаңа АСР қолданатын адамдарға оны 2022 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізуге байланысты салық төлеуден босатуды 3 жылға тарату;

салық міндеттемесін орындау мәселесі бойынша тексерулер жүргізу жөніндегі құзыретті мемлекеттік кіріс органдарына беру бөлігінде Экологиялық кодекске түзетулер енгізуге байланысты, қоршаған ортаға эмиссиялар үшін төлемақы бойынша салық міндеттемесін орындау мәселесін оларға енгізбей, қоршаған ортаға эмиссиялар үшін төлемақы бойынша осындай салықтық тексерулер аяқталатынын көздейтін, 2022 жылғы 1 қаңтарға дейін тағайындалған тексерулер бойынша өтпелі ережелер.