Жарияланған күні: 01.07.2019 18:40
Өзгертілген күні: 01.07.2019 18:41

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҚАРЖЫ МИНИСТРЛІГІНІҢ

МЕМЛЕКЕТТІК КІРІСТЕР КОМИТЕТІ

 

БАСПАСӨЗ РЕЛИЗІ

 

ҚАЗАҚСТАНҒА 2 КГ ЖУЫҚ ГЕРОИН АЛЫП ӨТПЕК БОЛҒАН ТӘЖІКСТАН АЗАМАТЫ ҰСТАЛДЫ

 

Автокөліктің жанар жағар май ыдысындағы ақ түсті ұнтағы бар екі ораманы кеден бекетінің қызметкерлі мен қызметтік иті бар шекара  наряды анықтады.

 

29.06.2019 жылы «Атамекен» кеден бекетінде  Өзбекстан Республикасынан Қазақстан Республикасына бағытталған 1967 жылы туған Тәжікстан азаматы басқарған ақ түсті «Nexia» маркалы жеңіл автокөлігі шекаралық және кедендік бақылау жүргізу үшін тексеріп қарау алаңына орналастырылады.

Аталған жеңіл автокөлігіне «Атамекен» кеден бекетінің жауапты қызметкері бас маманы және қызметтік иті бар шекарашы тексеріп қарау жұмыстарын жүргізу нәтижесінде, Ламар қызметтік ит «Nexia» маркалы жеңіл автокөлігінің жанар жағар май ыдысы орналасқан тұсынан күдік барын сездіру белгісін білдірді.

Бірлескен тексеру тобы май құю багінің тұсынан қосымша жалғанған ыдысқа ұқсас темір контейнер қорапты байқады.

Аталған темір қораптын ішінде скотчталған  күдік туғызатын, шамамен салмағы 2 кг, екі орама табылады. Көлік жүргізушісі орамада ақ түсті ұнтақ «героин» екенін, Тәжікстан Республикасынан Шымкент қаласына жеткізу үшін тасымалға ақы алғанын  айтты.

Қазіргі таңда анықталған жағдай бойынша барлық материалдар Мақтаарал аудандық Ішкі істер басқармасына жіберілді.

 

ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінің

Баспасөз қызметі

(Жеңіс даңғылы, 11)