Жарияланған күні: 05.08.2022 18:05
Өзгертілген күні: 05.08.2022 18:06

Осы бұзушылықтар бойынша бюджетке төлеуге жататын кедендік төлемдердің, салықтардың және акциздің алдын ала сомасы
1,2 млрд.теңгені құрады. Бұл туралы ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитеті  хабарлады.

Жақында Алматы қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің қызметкерлері кедендік тексеру жүргізу кезінде «сәйкестендіру құралдарымен таңбалаусыз темекіні» заңсыз алып өтуге байланысты кеден заңнамасын бұзудың 3 фактісін анықтады. Барлық 3 фактінің қылмыстық құқық бұзушылық белгілері бар.

Мысалы, «Алматы» кедендік ресімдеу орталығының қызметкерлері Біріккен Араб Әмірлігінен Қазақстан Республикасының аумағына әкелінетін жүгін тексеру кезінде таза салмағы – 24,2 тонна, (1,422 млн. қорап) темекі тапты.

Бюджетке төлеуге тиісті кедендік төлемдердің, салықтардың және акциздің сомасы – 403 млн. теңгені құрады.

 Материал сотқа дейінгі тергеп-тексеру туралы мәселені шешу үшін көлік прокуратурасына берілді.

Сондай-ақ, «Алматы» КРО қызметкерлері Латвиядан Қазақстан аумағына әкелінетін, салмағы – 13тонна (656 мың қорап) осыған ұқсас жүкті ұстады. Бюджетке төлеуге тиісті сомасы – 184,5 млн.теңгені құрады.

Бұдан басқа, «Жетісу» кеден бекетінің кедендік жете тексеру барысында инвойсқа сәйкес 45,6 мың орам көлемінде «дәретхана қағазы» деп  мәлімделген тауарды анықтаған. Алайда, алдын ала тексеру барысында «сәйкестендіру құралдарымен таңбаланбаған темекі өнімдері» тауары нақты анықталды. Саны – 2, 090 млн. қорап. Бюджетке төлеуге тиісті кедендік төлемдердің, салықтардың және акциздің алдын ала есептелген сомасы – 587,9 млн.теңге.

Заңсыз жолмен 4,16 млн. қорап темекі жеткізуге тиіс тауар алушылар темекі өнімдерін көтерме саудада өткізу жөніндегі қызметтің жекелеген түрлері бойынша тіркеу есебінде тұрмайды.

2020 жылғы қазаннан бастап барлық импортталған сигареттер Қазақстан аумағына не кеден қоймаларына әкелгенге дейін сәйкестендіру құралдарымен таңбалануға тиіс екенін ескеру қажет.

Комитетте ҚР Кеден кодексінің 34-бабының 1-тармағына сәйкес ЕАЭО кедендік аумағына әкелінетін тауарлар одақтың кедендік шекарасынан өткен сәттен бастап кедендік бақылауда екенін еске салды.