Жарияланған күні: 26.07.2021 19:16
Өзгертілген күні: 16.11.2021 18:22

Бұл мерзім Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына шетел яғни үшінші мемлекеттерден жеке тұлғалармен жеке қажеттіліктері үшін уақытша әкелінген автомобильдер мен басқа да көлік құралдарына қатысты.  

Аталған  мерзімдер Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2021 жылғы 5 сәуірдегі № 25 шешімімде көрсетілген.

Бұл шешім Одақтың кедендік аумағына болу уақытының пандемияға байланысты 18 айға ұзартылған мерзімді тоқтатады. Осыған дейін одаққа тұрақты тұру үшін көшіп келген шет ел азаматтарының, босқындардың, мәжбүрлі түрде көшіп келушілердің одақтың кедендік аумағына баж алымынсыз жеке мүлігінін алып келуге қатысты жеңілдік болған.

Көлік құралдары а.ж. 30 қыркүйегіне дейін әкетілмеген жағдайда кедендік төлемдер мен салықтар толық көлемде төленуі тиіс.