Жарияланған күні: 29.09.2023 20:29
Өзгертілген күні: 29.09.2023 20:34

      Кедендік төлемдер мен салықтарды төлеу бойынша жеңілдіктер Қазақстан Республикасының ұлттық заңнамасында, сондай-ақ ЕАЭО заңнамасында және халықаралық шарттарда белгіленеді. Жеңілдіктер сыртқы экономикалық қызметті тарифтік реттеу құралдарының бірі болып табылады. Олар келесі түрлерге бөлінеді:

      Импорттаушыларға әкелу баждарын төлеу бойынша жеңілдіктер мөлшерлемені төмендету не төлемдерді төлеуден толық босату түрінде беріледі. Кедендік әкелу бажын төлеуден босату жағдайлары ЕАЭО туралы шарттың 6-қосымшасымен, Кедендік одақ комиссиясының 27.11.2009ж №130 және 15.07.2011ж №728 шешімдерімен көзделген:

https://adilet.zan.kz/rus/docs/H09T0000130

https://adilet.zan.kz/rus/docs/H11T0000728

       Кедендік әкелу бажын төлеуден босату түріндегі тарифтік жеңілдіктер гуманитарлық, өтеусіз, техникалық көмек ретінде әкелінетін, үшінші елдерден ЕАЭО кедендік аумағына әкелінетін, дүлей зілзалалардың зардаптарын жоюға, шетелдік құрылтайшының салымы ретінде тауарларға, кемелердің теңіз кәсіпшілігі өнімдеріне, ұлттық және шетел валютасына және басқаларға қатысты беріледі.

       ҚҚС бойынша жеңілдіктер. Салық кодексінің 399-бабында гуманитарлық, қайырымдылық, техникалық көмек кезінде әкелінетін ҚҚС төлеуден босату жағдайлары, өндіріске арналған шикізат пен материалдар, сондай-ақ дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар және басқалар көрсетілген.

       Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің 2018.02.23 № 267 бұйрығында тауарлардың импортын ҚҚС-тан босату ережесі регламенттелген. Тарифтік жеңілдіктер жеке сипатта бола алмайды және тауарлардың шыққан еліне қарамастан қолданылады: https://adilet.zan.kz/kaz/docs/V1800016688

       Тауарларды кедендік декларациялау үшін кедендік алымдарды төлеу бойынша жеңілдіктер, сондай-ақ кедендік алымдар төленбеген жағдайлар Қазақстан Республикасының Кеден кодексінің 80-бабына сәйкес белгіленеді.

       Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің 14.02.2018 ж. №179 бұйрығымен кедендік алымдарды салудан босату үшін құжаттарды ұсыну Ережесі бекітілді: https://adilet.zan.kz/kaz/docs/V1800016457

      Кедендік алымдарды төлеуден жеңілдіктер тауарларды гуманитарлық, өтеусіз, техникалық көмек ретінде, дүлей зілзалалардың зардаптарын жою, банкноттар, Ұлттық және шетел валютасының монеталары, мемлекеттер, мемлекеттер үкіметтері, сондай-ақ халықаралық ұйымдар желісі бойынша гранттар қаражаты есебінен сатып алынатын тауарлар және басқалар ретінде әкелу кезінде беріледі.