
Астық нарығының қатысушыларына қосылған құн салығын оңайлатып қайтару бойынша пилоттық жоба Қағидалары тек ұсыныс ретінде жасалған және міндетті емес.
Пилоттық жобаға қатысушылар:
1) «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы;
2) мемлекеттік кірістер органдары;
3) астық айналымы саласында Меморандум жасасқан астық нарығына қатысушылар (импорттаушылар, өндірушілер, бидай экспорттаушылар мен олардың жабдықтаушылары).
Қазіргі уақытта 20 салық төлеуші жобаға қатысуда, оның ішінде 7 бидай экспортын жүзеге асырушылар мен олардың 13 жабдықтаушысы.
Меморандум жасасу өз еркімен жүзеге асады. Кез-келген компания жобаға қатыса алады.
Алғашқы қатысушылар жетекші экспорттаушылар болды және болашақта тізім кеңейеді деп пайымдалуда.
Жоба Меморандумға қатысушының таңдауы бойынша екі нұсқада ҚҚС қайтаруды көздейді:
1) камералдық бақылау жүргізбестен 15 жұмыс күні ішінде – банктік кепілдік болған кезде;
2) камералдық бақылау жүргізілген жағдайда, күнтізбелік 100 күн ішінде – банктік кепілдік болмаса.
Меморандумға қатысушыларға бұзушылықтарды өз еркімен жою құқығы беріледі. Жойылған бұзушылықтар бойынша ҚҚС қайтарылады. Қолданыстағы тәртіпте мұндай мүмкіндік көзделмеген.
Пилоттық жобаның мәні - салық төлемейтін жосықсыз делдалдардың санын азайту.