Жарияланған күні: 29.03.2021 18:23
Өзгертілген күні: 29.03.2021 18:28

Көлік салығын есептеу автоматтандырылды

 

ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитеті «Салықтық әкімшілендіруді реформалау» жобасы шеңберінде «Интеграцияланған деректер базасы» ақпараттық жүйесінің «жергілікті салықтар» кіші жүйесін әзірледі.

«Интеграцияланған деректер базасы» ақпараттық жүйесінің көмегімен 2 жыл бойы көлік салығын есептеу жүргізілуде. Бұл туралы ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінің департамент директоры Азамат Садықов Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясы барысында атап өтті.

Осы жылы МКК алдағы төлемдерді көлік салығын төлеу мерзіміне дейін алғаш рет жібереді.

Спикер атап өткендей, көлік салығы бойынша алдағы төлемдерді есептеу кезінде ҚР Ішкі істер министрлігі Әкімшілік полиция комитетінің (ІІМ ӘПК) мәліметтері пайдаланылған.

«МКК мен ІІМ ӘПК арасында көлік құралдары бойынша мәліметтер алу бойынша ведомстволық ақпараттық жүйелерді интеграциялау жұмыс істейді», - деді А. Садықов.