
Мемлекет басшысы Қ. Тоқаевтың Жолдауы аясында ағымдағы жылдың 27 қыркүйегінде Алматы қаласындағы Қазақстан қаржыгерлері қауымдастығының алаңында ҚҚС әкімшілендірудің жаңа тәсілдері талқыланды.
Талқылау Қазақстан кәсіпкерлерінің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкіл Р.М. Жүрсіновтың бастамасы бойынша ҚР Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары Б.Ш. Шолпанқұловтың, ҚР Қаржымині МКК төрағасының орынбасары Ж.М. Нұржановтың, екінші деңгейдегі жетекші банктердің басшыларының қатысуымен өткізілді.
Талқылау барысында салықты есепке алудың жаңа нысандарын енгізу жолымен ҚҚС әкімшілендіру бойынша ұсыныстар қаралды. Мақсаты - процесті жеңілдету және автоматтандыру және ҚҚС-ын жедел қайтару мәселелерін шешу.
Талқылау қорытындысы бойынша қатысушылар осы ұсынымдар мен ұсыныстарды ескере отырып, механизмді одан әрі пысықтау бойынша бірлескен жұмыстарды жалғастыруға келісті.