Жарияланған күні: 28.07.2021 18:18
Өзгертілген күні: 28.07.2021 18:13

АҢДАТПА!

«ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінің Ахуалдық орталығы» тақырыбындағы ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінің вебинары

 

2021 жылдың 29 шілдеде сағат 15:00-де ҚР ҚМ МКК-нің YouTube арнасында тікелей эфирде  «ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінің Ахуалдық орталығы» тақырыбында вебинар өтеді.

Спикер ретінде ҚР ҚМ МКК-нің «Ахуалдық орталық» басқармасының бас сарапшысы Окапова Әсемгүл Бақытқызы сөз сөйлейді.

Спикер «Ахуалдық орталық» жұмысының ерекшеліктері, мақсаты мен бюджеттің толығуына қосқан үлесі туралы айтып береді.

Кездесу соңында ҚР ҚМ МКК өкілі вебинар тақырыбындағы сұрақтарға жауап береді. Сұрақтарды мына нысанды толтыра отырып, алдын-ала жіберуге болады ( сілтеме: https://kgd.gov.kz/ru/content/forma-dlya-napravleniya-voprosov-k-vebinaru-1 )

Сұрақтарды 2021 жылғы 29 шілдеде сағ. 11:00-ден кешіктірмей жолдау қажет.

Тікелей эфирді өткізіп алмау үшін ҚР ҚМ МКК-нің YouTube арнасына жазылып, тікелей эфирлер туралы хабарлама келетіндей күйге келтіру қажет. Арнаға мына сілтеме бойынша жазылуға болады: https://youtube.com/user/salykgovkz