Жарияланған күні: 02.12.2022 10:40
Өзгертілген күні: 02.12.2022 10:48

2022 жылғы 28 – 30 қараша аралығында Оқу-әдістемелік орталығы (бұдан әрі - ОӘО) ҚР ҚМ МКК Мемлекеттік көрсетілетін қызмет департаментінің Мемлекеттік қызмет көрсету басқармасымен бірлесіп Polycom БКБ арқылы  

 «ҚР ҚМ МКК ақпараттық жүйелерінің сенімді пайдаланушылары»

1) «Салықтық әкімшілендірудің ақпараттық жүйелерін интеграциялаудың өнеркәсіптік платформасы» АЖ;

2) Интеграцияланған салықтық ақпараттық жүйе АЖ;

3) ҚР ҚМ МКК «Орталықтандырылған біріздендірілген дербес шоттар» АЖ;

4) «Бірыңғай деректер қоймасы» АЖ;

5) «Акциз» АЖ;

6) «Астана -1» АЖ;

7) «Е-окно» АЖ откізілді

Іс-шараның мақсаты – мемлекеттік қызметтерді көрсету саласындағы қызметкерлерге мемлекеттік қызметтерді автоматтандыру және оңтайландыру көрсетілетін қызметті берушілердің көрсетілетін қызметті алушылармен байланысын болдырмайтынын, мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді алу ең аз мерзімде жүргізілетінін, сыбайлас жемқорлық тәуекелдері төмендейтінін, қаржылық шығындар қысқаратынын, сондай-ақ қоса берілетін құжаттар саны қысқаратынын түсіндіру.

Семинарға тыңдаушылар ретінде аумақтық мемлекеттік кірістер органдарының қызметкерлері қатысты.

Ағымдағы жылдың 29 қарашасында сағат 10.05 семинар тыңдаушылары үшін Polycom БКБ арқылы дәріс оқылды.

Іс-шарада ОӘО Біліктілікті арттыру және кәсіби даярлау бөлімінің бас маманы  Ануар Панарович Касымбеков модератор жұмысын атқарды.

 Дәріскер ретінде:

1) ҚР ҚМ МКК бақылау департаменті кедендік рәсімдерді әкімшілендіру және тазалау басқармасының бас сарапшысы – А. К. Қайдаров;

2)ҚР ҚМ МКК бақылау департаменті кеден операциялары басқармасының бас сарапшасы – О. М. Тұрлыбаев;

3)ҚР ҚМ МКК мемлекеттік қызметтер басқармасы бас сарапшасы – Ж. К. Камиева;

4)ҚР ҚМ МКК жеке шоттарды әкімшілендіру және төлемдерді есепке алу – Идрисова Ш. К. қатысты.

Қатысушылар ҚР ҚМ МКК ақпараттық жүйелерімен, электрондық шот-фактураларды, шот-фактураларды қабылдау және өңдеу, интеграциялаған салықтық ақпараттық жүйе, орталықтандырылған бірыңғай дербес шоттар, деректердің бірыңғай хронологиясы, акциз, Астана-1, е-терезе, жоғарыда көрсетілген бағдарламаларды пайдалану кезінде ұсынылатын өзгерістермен және жаңа әдістерді енгізумен танысты бағдарламалар бойынша жұмыстар.

Семинардың қорытындысы бойынша 331 қатысушы біліктілігін арттырды.