Жарияланған күні: 05.08.2022 16:36
Өзгертілген күні: 05.08.2022 16:37

Бұл туралы ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінде хабарлады.

2022 жылғы 5 тамыздан бастап пайдаланушыларға ыңғайлы болуы үшін, фискалдық деректер операторларымен ынтымақтастық шеңберінде Мемлекеттік кірістер комитеті "Транстелеком" АҚ-мен бірлесіп, бақылау-касса машиналарында «push-салық хабарламалары» жаңа сервисін іске қосты.

Бірлескен жобаның басты идеясы – бақылау-касса машиналарын пайдаланушыларына салық міндеттемелерін уақытылы орындау туралы, оның ішінде салық органына салық есептілігін толтырып, ұсыну бойынша тез және қол жетімді түрде еске салу.

Бастапқыда push-салық хабарламалары бақылау-касса машиналарын пайдаланушыларына мерзімдері басталғанға дейін және салық есептілігін ұсыну кезеңінде жіберілетін болады. 

Сервис салық есептілігін белгіленген мерзімде ұсыну қажеттігі туралы салық төлеушілерді хабардар етіп отырады, яғни еске салады. Нәтижесінде, салық төлеуші міндеттемелерін уақытылы орындап, салық органдары  шоттарды бұғаттау мен айыппұл салу сияқты шараларды қолданбауына септігін тигізеді деп күтілуде.

«Бүгіннен бастап салық төлеушілер бақылау-касса машиналары арқылы айлық, 2-тоқсан мен 1-жартыжылдық үшін салық есептілігін, оның ішінде 910.00-нысаны бойынша декларациясын, 2022 жылғы 15 тамыздан кешіктірмей ұсыну қажеттілігі туралы еске салатын push-салық хабарламаларын ала бастайды», - деп хабарлады МКК-де.