Жарияланған күні: 17.08.2022 19:50
Өзгертілген күні: 17.08.2022 19:51
2022 жылғы 17 тамызда Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті төрағасының орынбасары Бақытжан Слямов Алматы облысының Әкіміне және облыстағы мемлекеттік органдар басшыларына, Мемлекеттік кірістер департаментінің ұжымына Құлмұханбет Исаковты таныстырды.
 
Исаков Құлмұханбет Мырзахметұлы 1969 жылы Жамбыл облысы Жуалы ауданы Андреевка ауылында дүниеге келген, салық органдарындағы еңбек жолын 1992 жылы бастаған. 
 
Алматы қаласы бойынша Салық комитетінде түрлі қызметтер атқарған.
 
Алматы облысы бойынша Салық департаменті басшысының орынбасары, Алматы облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің басшысы болып жұмыс істеді. 
 
2017 жылдан 2019 жылдың мамыр айына дейін Жамбыл облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің басшысы. 
 
2019 жылғы мамырдан бастап Нұр-Сұлтан қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің басшысы болып тағайындалды.
 
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 17.08.2022 жылғы бұйрығымен Алматы облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің басшысы болып тағайындалды.