Жарияланған күні: 05.02.2023 02:08
Өзгертілген күні: 05.02.2023 02:17

«Құпия ақпарат болып табылмайтын өлшемшарттар бойынша тәуекелдерді басқару жүйесін қолдану қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 20 ақпандағы  № 252 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы жобасы «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 137-бабы 3-тармағына сәйкес әзірленді.

Жоба «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне (Салық кодексі) және «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексін (Салық кодексі) қолданысқа енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2022 жылғы 21 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы 2023 жыл 5 қаңтардағы № 2-ө өкімімен бекітілген «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының кодексіне (Салық кодексі) және «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының кодексін (Салық кодексі) қолданысқа енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2022 жылғы 21 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру мақсатында қабылдануы қажет құқықтық актілердің тізбесінің 21-тармағын орындау мақсатында әзірленді.

Бұйрық жобасын қабылдау теріс әлеуметтік-экономикалық және/немесе құқықтық салдарларға әкеп соқтырмайды.

Бұл жоба нормативтік құқықтық актілердің ашық интернет-порталында http://legalacts.egov.kz 2023 жылдың 30 қаңтарда орналастырылған.

Жобаны жариялы талқылау мерзімі – 2023 жылдың 13 ақпанға дейін.