
Құрметті салық төлеушілер!
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті Нұр-Сұлтан қаласы уақытымен 06.08.2020 жылы 22:00-ден 07.08.2020 жылы 00:15-ге дейін «Электрондық шот-фактуралар» ақпараттық жүйесін жаңарту бойынша жұмыстар жүргізілетінін сіздің назарыңызға жеткізеді. Салық төлеушілерге арналған жаңартудан кейін «Виртуалды қойма» модулінің веб-интерфейсінде XML файлын импорттау арқылы қойма құру мүмкіндігі болады.
Осыған байланысты, көрсетілген уақыт кезеңінде «Электрондық шот-фактуралар» ақпараттық жүйесінін қол жетімді болмайды.
Келтірілген қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз!