
Құрметті салық төлеушілер!
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік Кірістер Комитеті назарларыңызға 20.08.2020 жылдың Нұр-Сұлтан қ. уақытымен сағат 22:00 бастап 21.08.2020 жылдың 00:15 уақытына дейін «Электрондық шот-фактуралар» ақпараттық жүйесінін регламенттік жаңарту жұмыстары жүргізілетінін хабарлайды.
Ақпараттық жүйеде жаңарту жұмыстары аяқталғаннан кейін келесі өзгерістер қолжетімді болады:
- Егер негізгі ЭШФ бойынша айналым жасау күні мен салық төлеушіні қайта ұйымдастыру күні арасындағы кезең 180 күннен аспаса және тауардың шығу тегінің 1-5 белгілері көрсетілсе, қайта ұйымдастырылған тұлға үшін тауар бағасының ұлғаюына қосымша ЭШФ жазып беру мүмкіндігі қолжетімді.