Жарияланған күні: 15.04.2026 12:21
Өзгертілген күні: 15.04.2026 12:24

Мемлекеттік кірістер комитеті 2026 жылғы 15-сәуірден бастап Салықтық әкімшілендіру интеграцияланған жүйесінің Салық төлеушінің жаңа кабинетінде (СӘИЖ СТК) 300.00 салық есептілігі нысаны – Қосылған құн салығы бойынша декларация жаңа нұсқасы бар екенін хабарлайды.

СӘИЖ Салық төлеушінің жаңа кабинетіне кіру үшін https://knp.kgd.gov.kz сілтеме арқылы өтуге болады.

Сұрақтар туындаған жағдайда сіз knpsd@ecc.kz электронды мекен-жайы арқылы қолдау қызметіне жүгіне аласыз.

Анықтама үшін. Салық есептілігінің нысандары cондай-ақ оларды толтыру жөніндегі түсініктемелер «Есептілікті жасау бойынша түсінік берілген салықтық есептіліктің нысандарын және оларды ұсыну қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2025 жылғы 12 қарашадағы № 695 бұйрығымен бекітілген.

 

Назар аударыңыз! Салық төлеушінің ескі кабинетінде және СЕӨС АЖ-де 300.00 СЕН қол жетімді емес.

ВНИМАНИЕ! В старом КНП и ИС СОНО ФНО 300.00 НЕ ДОСТУПНА.