Жарияланған күні: 04.05.2016 15:17
Өзгертілген күні: 04.05.2016 16:17

Құрметті салық төлеушілер!

ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитеті Сіздің мәліметіңізге Салық кодесінің 624-бабы 2-тармағының 1-тармақшасына сәйкес «Өндірілген және сатып алынған тауарлардың, орындалған жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің қозғалысы туралы есеп (қосылған құн салығы бойынша)» 1.3-нысанды және «Өндірілген өнімнің, орындалған жұмыстардың, көрсетілген қызметтердің өзіндік құны (пайдалы қазбаларды өндіру салығы бойынша» 1.4-нысанды мониторинг бойынша есептілік есепті салық кезеңінен кейінгі екінші айдың 15-күнінен кешіктірмей ұсынады, бұл нысандар ақпараттық жүйелерде 050.01 және 060.01 шаблондарында іске асырылғанын назарыңызға саламыз. Бұл есептіліктерді сақтандыру, қайта сақтандыру ұйымдарын, банктік қызметті, лицензия негізінде кейбір банктік операцияларды, зейнетақы жарналарын тарту және зейнетақыны төлеу жөніндегі қызметті, сондай-ақ зейнетақы активтерін инвестициялық басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыратын заңды тұлғаларды қоспағанда, мониторингке жататын ірі салық төлеушілер табыс етеді.

Осы нысандар бойынша шаблондары Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің сайтында орналасқан.