Жарияланған күні: 30.03.2022 15:46
Өзгертілген күні: 30.03.2022 15:54

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті, Салық кодексінің 59 және 66 баптарына енгізілген өзгертулер мен толықтыруларына сәйкес 2022 жылғы             1 қаңтардан бастап талап қою мерзімі кезеңі ішінде қосымша құн салығы төлеуші ретінде тіркеу есебіне тұрғаннан кейін салық есептілікке сәйкес кәсіпкерлік қызметті жүргізбеген заңды тұлғаларға және жеке кәсіпкерлерге (ҚҚС төлеушілер) қатысты жойылудың жеңілдетілген тәртібі қолданатындығын хабарлайды.

Аталған өзгертулер бизнеске қолайлы жағдайлар жасау мақсатында қабылданды.

2022 жылғы 1 қаңтарға дейін жойылудың жеңілдетілген тәртібі тек ҚҚС төлеушілер болып саналмайтын тұлғаларға ғана таратылған.