Жарияланған күні: 30.09.2021 17:22
Өзгертілген күні: 30.09.2021 17:25

Қытайда мереке күндеріне байланысты қазақстан-қытай шекарасындағы «Нұр жолы», «Достық-авто» және «Бақты» өткізу пункттері 2021 жылғы 1-3 қазанда жабық болады.

         Бұдан басқа қытай тарапында дезинфекциялық құрылғылардың қысқы маусымға дайындауға байланысты «Бақты» өткізу пункті 2021 жылғы 3-4 қазанда да жабық болады.

         Шекараны кесіп өтуге ынталы тасымалдаушыларды көршілес елдегі мерекелік шаралар есебімен өз бағыттарын алдын ала жоспарлауды сұраймыз.