Жарияланған күні: 07.09.2022 10:05
Өзгертілген күні: 07.09.2022 10:07

Салық төлеушілердің өтініштеріне байланысты Мемлекеттік кірістер комитеті деректерді тіркеу және (немесе) беру функциясы бар бақылау-касса машиналарын қайта бағдарламалау мерзімін 2022 жылғы 31 желтоқсанға дейін ұзарту туралы шешім қабылдады. Бұл туралы ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінде хабарлады.   

Бұдан бұрын 2022 жылғы 15 қыркүйекке дейінгі мерзімде 2.0.2-нұсқадағы хаттамаға бақылау-касса машиналарын қайта бағдарламалау қажеттігі туралы хабарланған болатын.

Деректерді тіркеу және (немесе) беру функциясы бар бақылау-касса машиналарын қолданатын барлық жеке кәсіпкерлер мен заңды тұлғалар 2022 жылғы 31 желтоқсанға дейінгі мерзімде барлық тіркелген бақылау-касса машиналарын қайта бағдарламалау бойынша жұмыстарды аяқтауы қажет.

2023 жылғы 1 қаңтардан бастап 2.0.2-ден басқа хаттамаларға Фискалдық деректер операторлары қолдау көрсетпейді.