
Мемлекеттік кірістер комитеті әкімшілендіруді жетілдіру, оның ішінде цифрлық технологияларды пайдалана отырып жетілдіру бойынша тұрақты негізде жұмыстар жүргізуде.
Сонымен, жұмыстың осы бағыты шеңберінде, сондай-ақ Мемлекет басшысының дара кәсіпкерлер үшін салық міндеттемелерін орындау рәсімдерін оңайлату қажеттілігі туралы тапсырмасын іске асыру үшін Комитет «E-Salyq Business» мобильді қосымшасын әзірледі. Бұл туралы ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитеті төрағасының орынбасары Жайдар Іңкәрбаев ҚР Президенті жанындағы ОКҚ брифингінде мәлімдеді.
Қосымшаны енгізу Салық кодексіне 2022 жылдан бастап күшіне енетін өзгерістер мен толықтырулармен қарастырылған. Осылайша, арнайы мобильді қосымшаны пайдалана отырып, жаңа арнайы салық режимін енгізу көзделген.
Оны қолдану шарттары патент негізінде АСР қолдануға арналған шарттарға ұқсас, кейіннен ол осы режимді алмастыруға тиіс деп болжанады. Ал айырмашылықтары мобильді қосымшаның мүмкіндіктерін пайдалануда.
Қосымша оны қолданатын кәсіпкерлерді салықтар мен әлеуметтік төлемдерді есептеуден босатады, себебі қосымшаның өзі кәсіпкер қосымшада қалыптастырған чектер бойынша айқындалған кірістер негізінде салықтар мен әлеуметтік төлемдерге автоматты түрде есептеу жүргізетін болады, БКМ чектерінің орнына, осындай мобильді қосымшаны пайдаланатын кәсіпкер қолданбауға құқылы.
Бұдан басқа, салық салудың жаңа режимін қолданатын кәсіпкер салық есептілігін ұсынудан босатылады (қазір – патент құнының есебін кәсіпкер кірістің болжамды сомасы көрсетілуге (мәлімделуге) және оны ұсынған кезде кірістің мәлімделген сомасы негізге алына отырып есептелген салықтар мен әлеуметтік төлемдер төленуге тиіс режимді қолдану кезеңі басталғанға дейін ұсынады). Бұл жаңа салық режиміне қатысты.