
Мүлік салығын төлемеген азаматтарға салық берешегі туралы хабарлама жіберілді. Бұл туралы ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінде хабарлады.
Сондай-ақ, Мемлекеттік кірістер комитетінде 2020 жыл үшін жеке тұлғалардың мүлік салығын төлеу мерзімі 2021 жылдың 1 қазанында аяқталғанын еске салды.
Бүгінгі күні 1 млн-нан астам азаматтың мүлік салығы бойынша 3,4 млрд. теңгеден астам берешегі бар. Борышкерлердің антирейтингісін Нұр-Сұлтан (604 млн.теңге), Алматы (853 млн.теңге) және Шымкент (783 млн.теңге) қалаларының тұрғындары бастап тұр.
Осыған байланысты, 2021 жылдың 1 қазанына дейін салық міндеттемелерін орындамаған азаматтарға Салық төлеушінің кабинетіне салық берешегі туралы хабарлама жіберілді.
Хабарлама орындалмаған және берешек өтелмеген жағдайда, 2021 жылғы 15 қарашадан кейін мемлекеттік кірістер органдары берешекті өндіріп алу туралы салықтық бұйрықтарын қалыптастырып, мәжбүрлеп орындату үшін жеке сот орындаушыларына жіберіледі.
«Жеке сот орындаушыларымен банк шоттарына тыйым салуды, мүлікке және шығуына шектеулер қоюды болдырмау үшін, 2020 жылға мүлік салығын төлемеген азаматтардан берешекті өтеуді сұраймыз»-, деп ескертті МКК-де.
Берешектің бар-жоғы туралы «e-Salyg Azamat» және екінші деңгейдегі банктің мобильдік қосымшалары арқылы, электрондық үкімет порталы арқылы, 1414 байланыс орталығының бірыңғай нөмірі бойынша білуге болады.