Жарияланған күні: 02.08.2022 10:13
Өзгертілген күні: 02.08.2022 10:17

 

Жалпыға бірдей декларациялау аясында 2021 жылы активтері мен міндеттемелері туралы декларацияны тапсырған тұлғалар, 2022 жылдан бастап жыл сайын табыстары мен мүлкі туралы декларацияны тапсыруға міндетті. Бұл міндеттеме мемлекеттік қызметтен босатылған тұлғаларға және декларация тапсыруға міндетті азаматтар санатынан шыққан тұлғаларға да қатысты. Бұл туралы ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінде хабарлады.

Кірістері мен мүлкі туралы декларацияны (270.00 нысанда) 2022 жылғы 15 қыркүйекке дейінгі мерзімде тұрғылықты жері бойынша мемлекеттік кірістер органына электронды түрде ұсыну қажет.

Осы жылы декларация тапсыру бойынша міндеттеме келесі санаттарға тиесілі:

- жауапты мемлекеттік лауазымды атқаратын адамдар мен олардың жұбайлары (зайыптары);

- мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттілік берілген адамдар мен олардың жұбайлары (зайыптары);

- мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттілік берілген адамдарға теңестірілген адамдар мен олардың жұбайлары (зайыптары);

- «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық Заңына және «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы», «Сақтандыру қызметі туралы», «Бағалы қағаздар нарығы туралы» Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес декларацияны табыс ету міндеті жүктелген адамдар.

Сәйкесінше, аталған азаматтар жоғарыда көрсетілген санаттардың біріне тиесілі болуы-болмауына қарамастан, ағымдағы жылы кірістері мен мүлкін декларациялауға міндетті.

Осыған дейін Комитетте декларацияны уақытылы тапсырмағандардың қандай айыппұл арқалайтыны туралы айтқан болатын (https://kgd.gov.kz/kk/news/azamattardyn-zhalpyga-birdey-deklaraciyalau-zhonindegi-deklaraciyany-tabys-etpegen-ne-uakytyly).