Жарияланған күні: 17.02.2023 09:42
Өзгертілген күні: 17.02.2023 09:43

Жобаның мақсаты тауарларды кедендік декларациялағаны үшін кедендік алымдардың мөлшерлемелерін қолдану кезінде әртүрлі оқылуды жою және нақтылау және кедендік алымдардың мөлшерлемелерін ұлттық валютадан (теңге) айлық есептік көрсеткішке (бұдан әрі – АЕК) ауыстыру болып табылады

Бұдан басқа «Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 76-бабының 3-тармағына сәйкес келтіру мақсатында, онда кедендік алымдардың мөлшерлері кеден органдарының өздеріне байланысты кедендік алымдар белгіленген әрекеттер жасауына жұмсалатын шығындарының шамамен алынған құнынан аса алмайтыны айқындалған.

Қолданыстағы «Мемлекеттік кірістер органдары өндіріп алатын кедендік алымдардың мөлшерлемелерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 5 сәуірдегі № 171 қаулысында (бұдан әрі – Қаулы) тауарларға арналған декларация үшін кедендік алым 20 000 теңге, алып жүру үшін кедендік алым қашықтыққа байланысты 4 000 теңгеден 321 000 теңгеге дейін және алдын ала шешім қабылдау үшін кедендік алым 32 000 теңге болып белгіленген. Осыған байланысты кедендік алымдар мөлшерлемелерін АЕК ауыстыру жүргізілді.

АЕК - бұл республикалық бюджет туралы заңда жыл сайын белгіленетін және Қазақстан Республикасының Заңнамасына сәйкес жәрдемақылар мен өзге де әлеуметтік төлемдерді, сондай-ақ айыппұл санкцияларын, салықтарды және басқа да төлемдерді есептеу үшін қолданылатын көрсеткіш. Көрсеткіш республикалық бюджетті жоспарлау шеңберінде есептеледі, сондықтан онда күтілетін инфляция факторы ескерілген.