Жарияланған күні: 29.07.2021 11:21
Өзгертілген күні: 16.11.2021 18:06

А.ж. 21 шілдесінде МКК камералдық бақылау нәтижелері бойынша ескертулерді және хабарламаларды автоматты түрде іске қосқан болатын. Камералдық бақылаумен ҚҚС төлей отырып ЕАЭО мүше мемлекеттердің аумағынан импортталған тауарлар бойынша есепке жатқызудың асып кетуі бойынша бұзушылықтар қамтылған.

Егер тәуекелдің орташа дәрежесі бар камералдық бақылаудың нәтижелері бойынша бұзушылық анықталса, ұсыным сипатындағы ескерту жіберіледі, оны орындамағаны үшін ешқандай шара қолданылмайды.

Жіберуге жататын деректер көлемінің үлкен болуына байланысты, ескерту салымсыз жолданады. Бұл ретте ескерту мен хабарламаға ашып жазу салық төлеушінің сұрау салуы бойынша көрсетілген электрондық мекенжайға жолданады. Хабарламаға және ескертуге жол берілген бұзушылықтар туралы толық ақпаратты біз мезетте қоса жолдау жаңа ақпараттық жүйелерді енгізу шеңберінде жүзеге асырылатын болады.

Көрсетілген бұзушылықпен келіспеген жағдайда Салық кодексінің 96- бабына сәйкес салық төлеуші қағаз немесе электронды түрде түсіндірме беруге құқығы бар.

«ҚҚС төлей отырып ЕАЭО мүше мемлекеттердің аумағынан импортталған тауарлар бойынша есепке жатқызудың асып кетуі бойынша бұзушылыққа қатысты, Салық кодексінің 401-бабының 2-тармағына сәйкес ҚҚС есепке жатқызу сомасы соңғы күніне жүргізіледі (бюджетке төленген күн немесе салық кезеңінің соңғы күні)».