Жарияланған күні: 05.11.2021 12:14
Өзгертілген күні: 05.11.2021 12:25

2021 жылғы 4 қарашада  ҚР ҚМ МКК Оқу-әдістемелік орталығы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Нұр-Сұлтан қаласы бойынша департаментімен бірлесіп «Мемлекеттік қызмет жүйесіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдері. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамадағы өзгерістер» тақырыбында техникалық оқу өткізді.

Іс-шараның мақсаты - аумақтық мемлекеттік кірістер органдарының қызметкерлеріне сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы түсіндіру, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы ағарту, сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамадағы өзгерістер.

Техникалық оқудың тыңдаушылары ретінде аумақтық мемлекеттік кірістер органдарының 180 қызметкері қатысты.

Дәріскерлер ретінде сөз сөйледі:               

-  Хайруллин Марат Мураткалиевич –  ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Нұр-Сұлтан қаласы бойынша департаменті  превенция басқармасының басшысы.

- Тастемір Ақұлан Өсерұлы - Нұр-Сұлтан қаласының мемлекеттік қайраткерлері мен құрметті Мемлекеттік қызметкерлерінен құралған спикерлер пулының өкілі, «Нұр-сұлтан қаласының жастар саясаты мәселелері басқармасы» ММ мектеп және студент жастармен жұмыс бөлімінің басшысы.

Іс-шара жоспарланған бағдарлама аясында сәтті өтті.

        Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Нұр-Сұлтан қаласы бойынша департаменті провенция басқармасының басшысы Марат Мұратқалиұлы Хайруллин аталған іс-шараны ұйымдастырғаны үшін  ҚР ҚМ МКК Оқу-әдістемелік орталығына алғыс білдірді.

Оқу барысында тыңдаушылар мемлекеттік қызмет жүйесіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің барлық түрлерімен танысты. Сондай-ақ сыбайлас жемқорлық заңнамасындағы өзгерістер мен жаңалықтарды ұсынды. Бұл білім тыңдаушыларға өз жұмысында сыбайлас жемқорлық бұзушылықтарға жол бермеуге, сондай-ақ жалпы сыбайлас жемқорлық бұзушылықтардың профилактикасын арттыруға мүмкіндік береді. Бұл ретте аталған білім басқа мемлекеттік қызметшілердің сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарының жолын кесу және анықтау кезінде қолданылуы мүмкін екенін атап өтеміз.

Осылайша, бұл оқу жалпы қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мен сыбайлас жемқорлықтың алдын алу үшін сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениеттің жоғары деңгейін арттыруға мүмкіндік береді.