Жарияланған күні: 29.05.2023 18:40
Өзгертілген күні: 29.05.2023 18:41

      2023 жылғы 1 қаңтардан бастап Салық кодексінің тексерудің жаңа түрін - тәуекел дәрежесін бағалау негізінде мерзімді салықтық тексерулерді (бұдан әрі – мерзімді тексерулер) көздейтін нормалары енгізілді.

     Аталған жаңалық тәуекел дәрежесін бағалау негізінде Ерекше тәртіп бойынша тексерулер алынып тасталған Кәсіпкерлік кодекске өзгерістер мен толықтырулар енгізумен байланысты.

    Мерзімді тексерулерді тағайындау ерекше тәртіппен жүргізілетін жойылған тексерулерге ұқсас.

    Мерзімді тексерулер – салық төлеушілерге (салық агенттеріне) қатысты салық органдары салық есептілігін, уәкілетті мемлекеттік органдардың мәліметтерін, сондай-ақ салық төлеушілердің (салық агенттерінің) қызметі бойынша ресми және ашық ақпарат көздерінен алынған мәліметтерді талдау нәтижелері бойынша тағайындайтын тексерулер.

   Жоғарыда көрсетілген жаңалықтарды ескере отырып, Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің ағымдағы жылғы 25 мамырдағы №540 бұйрығымен мерзімді тексерулер жүргізу кестесі бекітілді.

   2023 жылдың 2-жартыжылдығы арналған кесте мына сілтеме бойынша қолжетімді: https://www.gov.kz/memleket/entities/minfin/documents/details/473684?lang=kk