
Мемлекеттік кірістер комитеті 2023 жылғы 1 қарашадан бастап Қазақстан-Ресей шекарасында «Бидайық» автомобиль өткізу пунктінде (Солтүстік Қазақстан облысы) электрондық кезек жүйесін енгізу бойынша пилоттық жобаны іске қосу жоспарланып отырғанын хабарлайды.
Қазіргі уақытта электрондық кезекті брондау жүйесі Қазақстанның Қытаймен, Өзбекстанмен, Түркіменстанмен шекарасында іске асырылғанын және оң нәтижелерді көрсетіп отырғанын атап өту қажет.
Электрондық кезек жүйесін мемлекеттің жүз пайыз қатысуымен Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің «Ақпараттық-есепке алу орталығы» АҚ «CarGoRuqsat» онлайн брондау сервисінің отандық әзірлеушілер мен мамандар құрды және қызмет көрсетеді.
Сервис Qoldau.kz цифрлық платформа базасында іске асырылды және тегін.
«CarGoRuqsat» электрондық кезек жүйесінің міндеті тасымалдаушыларға кезекті алдын ала брондау және ақпараттық жүйелерде қажетті құжаттарды тексеруді автоматтандыру мүмкіндігін беру болып табылады.
Бұл шекарадан өтудің жеделдігі мен ашықтығын қамтамасыз етеді, жүк машиналарының жиналуына жол бермейді, мемлекеттік кірістер органдарына тәуекелдерді басқару жүйесін автоматты режимде қолдануға мүмкіндік береді.
Пилоттық жоба шеңберінде «Бидайық» автомобиль өткізу пункті арқылы Қазақстан аумағынан шығуды жоспарлаған тасымалдаушылар 2023 жылғы 1 қарашадан бастап «CarGoRuqsat» қосымшасы арқылы электрондық кезектен орынды брондауы қажет.
Ол үшін https://cgr.qoldau.kz/ru/start сілтеме бойынша өту керек, «CarGoRuqsat» қосымшасына тіркелу және кіру, «Бидайық» өткізу пунктін таңдау, шекараны кесіп өту күні мен уақытын көрсету және жүргізуші мен автокөлік туралы деректерді толтыру керек.
Өтінім мақұлданғаннан кейін шекарадан өту үшін өткізу пунктіне уақтылы келу қажет.
Күтпеген жағдайларды болдырмау үшін, Мемлекеттік кірістер комитеті тасымалдаушыларды «Бидайық» өткізу пункті арқылы Қазақстан-Ресей шекарасынан кесіп өту үшін электрондық кезекті алдын ала брондауға шақырады.
Өз кезегінде, «Ақпараттық-есепке алу орталығы» АҚ және Мемлекеттік кірістер комитетінің қызметкерлері пилоттық жоба кезеңінде тасымалдаушыларға консультациялық көмек көрсетеді.
Барлық сұрақтар бойынша 1414, 8-800-080-7777 телефондар арқылы МКК Сall-орталығына хабарласуға болады.