Жарияланған күні: 26.04.2023 14:55
Өзгертілген күні: 26.04.2023 14:58

Кедендік рәсімдеуді жүргізу кезінде маңызды процестердің бірі кедендік төлемдерді есептеу, тарифтік және тарифтік емес реттеу шараларын айқындау, лицензиялар алу үшін пайдаланылатын тауарлардың кодын айқындау болып табылады.

Тауардың дұрыс кодын таңдау – кедендік рәсімдеудің жылдам өтуінің кепілі. Тауар кодын дұрыс анықтамау кедендік төлемдер мен салықтарды дұрыс есептемеуге әкелуі мүмкін, бұл сыртқы экономикалық қызметке қатысушының беделіне теріс әсер етеді және әкімшілік жазаға әкелуі мүмкін.

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті қызметін сыртқы экономикалық қызметке қатысушыларға барынша ыңғайлы етуге шаралар қабылдауда.

Осы мақсатта бүгінгі күні https://keden.kz сілтемесі бойынша сыртқы экономикалық қызметке қатысушыларға сыртқы экономикалық қызмет тауарлар номенклатурасының  кодын іздеудің онлайн-сервисі ұсынылды.

Бұл сервис өзекті болып табылады және оны одан әрі жаңарту Еуразиялық экономикалық комиссияның шешімдері негізінде жүзеге асырылатын болады.

 

ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінің  Баспасөз қызметі