Жарияланған күні: 02.09.2015 12:56
Өзгертілген күні: 02.09.2015 12:58
семинар умц

 

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҚАРЖЫ МИНИСТРЛІГІ МЕМЛЕКЕТТІК КІРІСТЕР КОМИТЕТІ

Баспасөз релизі

Алматы қаласында 2015 жылғы 2-4 қыркүйек аралығында «Халықаралық сауда рәсімдерін оңайлату» тақырыбына тауарларды қашықтықтан шығару, кедендік декларация берілгенге дейін шығару, алдын ала ақпараттандыру бойынша мәселелері қаралатын семинар өтуде.     

Бизнесті жүргізудің қазіргі заманғы шарттары кеден органдарынан кедендік бақылауды ұйымдастырудың жаңа әдістерін енгізуді талап етеді.   

Солардың бірі: «Автомобиль көлігімен Кеден одағының кедендік аумағына әкелінетін тауарлар туралы міндетті алдын ала ақпараттандыруды енгізу туралы» КОК 2011 жылғы 9 желтоқсандағы №899 шешімі, «Теміржол көлігімен Кеден одағының бірыңғай кедендік аумағына әкелінетін тауарлар туралы міндетті алдын ала ақпараттандыруды енгізу туралы» КОК 2013 жылғы 17 қыркүйектегі №196 шешімі, «Кедендік декларациялау және кедендік декларация берілгенге дейін тауарларды шығару кезінде кедендік операцияларды жасау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 23 ақпандағы № 112 бұйрығы, «Мемлекеттік кірістер органдары лауазымды адамдарының тауарларға кедендік тазартуды жасау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 31 наурыздағы № 246 бұйрығы болып табылады.

 Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті кедендік әкімшілендіру саласындағы реформаларды дәйекті түрде өткізеді, озық ақпараттық технологияларды енгізеді, кедендік операцияларды оңтайландырады.

Мұндай технологияларды енгізу елдің орталық және шекара маңы аудандары арасындағы кадрлық және материалдық-техникалық ресурстардың біркелі бөлінбеу жағдайында кедендік тазарту мен кедендік бақылау процестерін үйлестіруге мүмкіндік береді.

 Семинарға ҚР ҚМ аумақтық мемлекеттік кірістер органдары, Қазақстан Республикасының бизнес-қоғамдастықтар өкілдері, Қырғыз Республикасы және Тәжікстан Республикасы кеден қызметтерінің сарапшылары қатысуда.   

Дәріскерлер ретінде Дүниежүзілік кеден ұйымының, Еуразиялық экономикалық комиссиясының халықаралық сарапшылары, Грузия кеден қызметінің сарапшысы қатысуда.

                               ҚР ҚМ МКК Баспасөз қызметі