Жарияланған күні: 04.06.2015 16:43
Өзгертілген күні: 04.06.2015 16:44

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҚАРЖЫ МИНИСТРЛІГІ МЕМЛЕКЕТТІК КІРІСТЕР КОМИТЕТІ

04.06.2015ж.

Қазақстан Республикасының рақымшылық және мүлікті жария ету мәселелеріне байланысты 8 заңнамалық актісіне өзгерістер енгізіледі

2016 жылғы 2 маусымға Қазақстан Республикасында 247,3 млрд. теңге жария етілді

2015 жылғы 2 маусымдағы жағдай бойынша барлығы 247,3 млрд. теңге жария етілді, бұл туралы бүгін ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінің қызметкерлері бизнес қауымдастық және бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің қатысуымен өткен дөңгелек үстелде хабарлады.

Айтылған сома ҚР аумағындағы мүлік бойынша 25 414 объект және 178,5 млрд.теңгеге жария етілген бағалы қағаздарды қоса алғанда жария етілген сома. Қазақстандықтар ҚР аумағынан тыс жерлерде орналасқан 10 объекті мен 228,8 млн. теңгеге бағалы қағаздарды жария етті. Бұдан басқа 68,6 млрд. теңге сомасында ақша жария етілді.

ҚР ҚМ МКК сарапшылары мүлікті және ақша құралдарын жария ету ресімдерін оңайлату, қолданыстағы заңнамаға өзгерістер мен толықтырулар енгізу Мемлекет басшысы Н.Ә. Назарбаевтың бес институционалды реформаларды жүзеге асыру жөніндегі Ұлт жоспары 100 нақты қадамда да қарастырылғанын атап өтті.

Бүгінгі күні Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Қазақстан Республикасының азаматтарына, оралмандарға және Қазақстан Республикасында тұруға ықтиярхаты бар адамдарға олардың мүлікті жария етуіне байланысты рақымшылық жасау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын әзiрлеуде.

Заң жобасында рақымшылық және мүлікті жария ету мәселелеріне байланысты Қазақстан Республикасының 8 заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу қарастырылады.

Жоғарыда көрсетілген түзетулерді іске асыру жария ету процесін оңайлататын және, аталған процесті белсендіретін құрал ретінде қолайлы және қызығушылық тудыру жағдайларын қалыптастыруға ықпал етеді.

Кездесу барысында ұйымдастырушылар ҚР аумағында орналасқан мүліктер жергілікті атқарушы органдар жанындағы комиссия арқылы жария етіледі, ал ҚР аумағыннан тыс жерде орналасқан мүліктер мемлекеттік кірістер органдары жанындағы комиссия арқылы жария етілетінін қайталап айтты.

Жария ету – әлемдік практикада жаңалық емес. Барлық елдерде капиталды көлеңкеден шығару мәселесі өте маңызды болуына байланысты Еуропаның бірқатар елдері, АҚШ-тың көптеген штаттары аталған акцияны бірнеше рет өткізеді.

Елімізде қолданыстағы акцияның бірінші жартысының өтуін зерделеу кезінде  жария ету процестерін кідіртудің проблемалары мен себептері айқындалды, олар:

  • Жария ету мерзімінің ұзақтығы, бұл халықтың менталитеті;
  • жария ету субъектілерінің мемлекеттің және құқық қорғау органдары алдында қорқуы;
  • жария етілген ақшаның ЕДБ-ің шоттарда орналыстыру мерзімінің ұзақтығы;
  •  жария етілген ақшаны инвестициялау инструменттерінің жеткіліктіз болуы;
  • Жалпыға бірдей декларациялау кезінде жария етуді «жасыру»  мүмкіндігі;
  • шет елде орналасқан мүлікті жария ету кезіндегі екі рет салуы.

Осыған байланысты, ресімдерді оңайлатуға және кеңейтуге бағытталған, акцияны ынталандырудың бірқатар механизмдері әзірленді.

 

ҚР ҚМ МКК Баспасөз қызметі