Жарияланған күні: 03.08.2015 18:21
Өзгертілген күні: 04.08.2015 12:54

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҚАРЖЫ МИНИСТРЛІГІ МЕМЛЕКЕТТІК КІРІСТЕР КОМИТЕТІ

03.08.2015ж.

Жария етудің 11 ай ішіндегі аралық қорытындысы

1. ҚР аумағындағы мүліктерді жария ету бойынша жергілікті атқарушы органдар жанындағы комиссияларға жалпы сомасы 404,7 млрд. теңгенің мүлкін жария етуге 42 872 өтініші келіп түсті:

- 292,4 млрд. теңге сомасында 35 606 тұрғын үй объектісі;

- 107,4 млрд. теңге сомасында 18 405 тұрғын үй емес объектілері, оның ішінде 74,5 млрд. теңге сомасында 4 562 коммерциялық объектілер;  

- 0,8 млрд. теңге сомасында заңды тұлғаларға қатысудың 15 үлесі;

- 4,0 млрд. теңге сомасында бағалы қағаздар.

228,8 млрд. теңге сомасындағы 32 278 объект және құнды қағаздар жария етілді.

2. Мемлекеттік кірістер органдарына ҚР аумағынан тыс жерлерде орналасқан мүліктерді жария ету бойынша 636,5 млн. теңге сомасында мүліктерді жария етуге арналған 18  өтініш келіп түсті:

- 632,1 млн. теңге сомасында 14 тұрғын үй объектісі;

- 1,5 млн. теңге сомасында 1 тұрғын үй емес объектілері, оның ішінде 1,5 млн. теңге сомасында 1 коммерциялық объектілер;  

- 3,0 млн. теңге сомасында  заңды тұлғаларға қатысудың 2 үлесі;

- 670 теңге сомасында бағалы қағаздар.

636,5 млн. теңге сомасында 17  объект және құнды қағаздар жария етілді.    

3. 2015 жылғы 30 шілдедегі жағдай бойынша ҚР ҰБ есебінің деректері бойынша екінші деңгейдегі банктерде жалпы сомасы 73,8 млрд. теңгеге ақшаны жария ету үшін 151 жинақ шоты ашылған, олардың ішінен жинақ шотынан ақшаны жария еткені үшін бюджетке 2,9 млрд. теңге сомасында алымды төлей отырып, 28,9 млрд. теңге алынған. ҚР экономикасына 37,5 млрд. теңге инвестиция салынды. 

4. 1-Н есебіндегі деректер бойынша 2015 жылғы 31 шілдедегі жағдай бойынша 206110 «Мүлікті жария еткені үшін алым» коды бойынша бюджетке жария ету бойынша акцияның басынан бастап іс жүзінде 2,9 млрд. теңге түсті.

ҚР ҚМ МКК Баспасөз қызметі