Жарияланған күні: 19.07.2022 18:28
Өзгертілген күні: 19.07.2022 18:30

Егер 2022 жылғы 15 қыркүйекке дейінгімерзімде салық төлеушілер бақылау-касса машиналарының бағдарламасын жаңартпасафискалдық деректер операторлары ондайбақылау-касса машиналарына техникалық қолдаукөрсетпейдіБұл туралы ҚР ҚМ Мемлекеттіккірістер комитетінде хабарлады

2022 жылы деректерді тіркеу және (немесе) беру функциясы бар бақылау-касса машиналарынқолдану тәртібіне (Салық кодексінің 166-бабына)өзгерістер мен толықтырулар енгізілген.

Осыған байланысты«Бақылау-касса машиналарын қолдану мәселелері бойынша» жұмыс тобы шеңберінде бақылау-касса машиналарының әзірлеушілерімен және фискалдықдеректер операторларымен бірлесіп бақылау-касса машиналарымен ақшалай есеп айырысулар туралымәліметтерді беру бойынша оператордың серверінедеректерді берудің бірыңғай Хаттамасыжаңартылды және бекітілді.

Осы негізде модельдері бақылау-касса машиналарының мемлекеттік тізіліміне енгізілгендеректерді тіркеу және (немесе) беру функциясыбар бақылау-касса машиналарын қолданатынБАРЛЫҚ КӘСІПКЕРЛЕРГЕ 2022 жылғы 15 қыркүйекке дейінгі мерзімде өздерінің жұмысістеп тұрған бақылау-касса машиналарын қайтабағдарламалау қажет.

НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ: 15 қыркүйектенбастап 2.0.2-тен басқа Хаттамаларға фискалдықдеректер операторлары қолдау көрсетпейді!Осыған байланысты барлығына бақылау-касса машиналарын 2.0.2 хаттама нұсқасына дейін алдын ала жаңартуға кеңес береміз.

Салық кодексінің 171-бабына сәйкес тауарларды өткізу, жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету кезінде жүзеге асырылатын ақшалай есеп айырысулар туралы деректерді тіркеу және (немесе) беру функциясы бар бақылау-касса машиналарының мәліметтерін қабылдау, сақтау бойынша қызметтер көрсетуді, сондай-ақ оларды салық органдарына беруді фискалдық деректер операторы жүргізеді.

«Бақылау-касса машиналарын қолданудың кейбір мәселелері туралы» Қаржы министрінің бұйрығына сәйкес бақылау-касса машиналарыфискалдық деректер операторының серверіне мемлекеттік кірістер органдарына ақшалай есеп айырысулар туралы мәліметтерді беруді қамтамасыз ететін техникалық талаптарға және сәйкестік нысанына, бақылау-касса машиналарының техникалық талаптарына сәйкес ақшалай есеп айырысулар туралы мәліметтерді береді.