
2021 жылғы 26 - 28 қаңтар аралығында ҚР ҚМ МКК Оқу-әдістемелік орталығы ҚР ҚМ МКК Мемлекеттік қызметтер департаментінің жалпыға бірдей декларациялау басқармасымен бірлесіп «Пилоттық жоба шеңберінде тәуекелді салық төлеушілерді әкімшілендіру («ЭШФ» АЖ-да бұғаттау)» тақырыбында қашықтықтан семинар өткізді.
Пилоттық жобаның мақсаты - ЭШФ жазып беруге қолжетімділікті шектеу жолымен жалған шот-фактураларды ерте сатыда жазып беру фактілерінің жолын кесу.
Семинарға тыңдаушылар ретінде мемлекеттік кірістер органдары аумақтық бөлімшелерінің қызметкерлері қатысты.
27 қаңтар күні сағат 10.00-де семинар тыңдаушылары үшін Polycom ВКС арқылы Instagram (@umc_kgd_kz) тікелей эфирі арқылы дәріс оқылды.
Іс-шарада ҚР ҚМ МКК ОӘО басшысының орынбасары Серик Кенесович Биекенов модератор жұмысын атқарды.
Дәріскер ретінде:
Абдуманапова Мөлдір Қайратқызы, ҚР ҚМ МКК Әкімшілендіру департаменті қашықтықтан мониторинг басқармасының бас сарапшысы қатысты.
Семинарға қатысушылардың тарапынан лекторға сұрақтар қойылып, оларға толық жауаптар берілді.
Іс-шара қорытындысы бойынша 162 қатысушыларға біліктілігін сәтті арттыру туралы сертификаттар жіберіледі.




























