Жарияланған күні: 03.09.2020 12:32
Өзгертілген күні: 03.09.2020 12:35

ҚР-ның фискалдары қызметтерді элекронды түрде алудың негізгі артықшылықтарын Сізге тағы бір рет еске салады:

  • тәулік бойы қол жетімділік;
  • ғаламтор арқылы кез келген геолокациялардан қажетті қызметті алу;
  • жұмыс уақытын үнемдеу;
  • кезектердің болмауы;
  • салық есептілігі нысандарын толтыруда қателіктерді болдырмау.

Қызметтерді электронды түрде ҚР ҰСО ЭЦҚ арқылы алуға болады.

Халық арасында коронавирустық инфекцияның таралу қаупі туындаған кезде – электронды түрде қызмет алу Сіздің қауіпсіздігіңіздің кепілі.

Өзіңізге және жақындарыңызға қамқорлық жасаңыз!