Жарияланған күні: 31.10.2023 10:22
Өзгертілген күні: 31.10.2023 10:23

       2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап әрекетсіз, яғни жұмыс істемей тұрған жеке кәсіпкерлердің жалпыға бірдей декларациялау бойынша жаңа салық есептілігін ұсыну бойынша міндеттемесі пайда болады. Бұл туралы  ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінде хабарлады.

       2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап Қазақстан Республикасында жалпыға бірдей декларациялаудың III-кезеңі енгізіледі, оның шеңберінде «Активтер мен міндеттемелер туралы декларацияны» (250.00-нысан) заңды тұлғалардың басшылары, құрылтайшылары (қатысушылары) және жеке кәсіпкерлер, сондай-ақ олардың жұбайлары ұсынуға міндетті.

      Сонымен қатар, Республика бойынша 27 954 жеке кәсіпкер әрекетсіз деп танылды, оларға 2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап жалпыға бірдей декларациялау бойынша салық есептілігін ұсыну міндеті жүктелетін болады.

      Әрекетсіз жеке кәсіпкер екеніңізді тексеру үшін Комитеттің www.kgd.gov.kz интернет-ресурсына «Электрондық қызметтер» мәзірінде «Сенімсіз салық төлеушілерді іздеу» бөліміне өту қажет.

      Осыған байланысты Комитет жеке кәсіпкерлердің әрекетсіздер тізімінде болуы туралы екінші деңгейдегі банктердің мобильді қосымшалары арқылы push-хабарламаларды жолдауда.

       250.00-нысанды декларацияны ұсыну жөніндегі талап қолданысқа енуіне дейін 60 күнтізбелік күн қалғанына назар аударамыз.