Жарияланған күні: 03.02.2023 12:24
Өзгертілген күні: 03.02.2023 12:28

«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне (Салық Кодексі) өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» және «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексін (Салық кодексі) қолданысқа енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына 2022 жылғы 21 желтоқсанда Мемлекет басшысымен қол қойылды.

Осылайша, салық төлеушілерде берілген кейінге қалдыру және мерзімін ұзарту шеңберінде берешекті өтеу кестесін уақтылы орындау бойынша қаржылық қиындықтар туындаған кезде кәсіпкерлікті қолдау мақсатында Салық кодексіне салықтарды төлеу бойынша салықтық міндеттемесін орындау кестесін қайта қарауды көздейтін өзгерістер енгізілді.

Бұл ретте, салықтық міндеттемесін орындау кестесі төлеу мерзімі 5 жұмыс күнінен кем, бірақ бір реттен артық емес бұзылған жағдайда салық төлеушінің дәлелді өтініші негізінде қайта қаралуы мүмкін.

Бұдан басқа, 24-бапта 15) тармақша екінші бөлікпен толықтырылды, онда салықтық берешегі, әлеуметтік төлемдер бойынша берешегі бар салық төлеуші келіскен жағдайда, банк салық төлеушінің салықтық берешегін, әлеуметтік төлемдер бойынша берешегін, оның ішінде берешектің осы түрлерін көрсетілген банктік шоттан аудару арқылы толық өтегеннен кейін осындай банктік шот бойынша шығыс операцияларын жүзеге асыру шартымен банктік шот ашуға құқылы.