
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҚАРЖЫ МИНИСТРЛІГІНІҢ МЕМЛЕКЕТТІК КІРІСТЕР КОМИТЕТІ
ПРЕСС-РЕЛИЗ
29 марта 2020 г. г. Нур-Султан
«САЛЫҚТӨЛЕУШІ КАБИНЕТІ» WEB-ҚОСЫМШАСЫНДА
NCALAYER –ҒА ӨТУ
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетінің ақпараттық жүйелерінің құрметті пайдаланушылары!
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті (бұдан әрі – ҚР ҚМ МКК) 2020 жылғы 29 наурызда «Салықтөлеуші кабинеті» web-қосымшасында NCALayer. БҚ-ге өту бөлігінде жаңарту жасалғаны туралы мәліметтейді.
Егер сіздің компьютеріңізде NCALayer БҚ орнатылған және қосулы болса, сізге оның қайта қосуын жасау қажет:
- Экраның төменгі оң жақ бұрышында NCALayer белгішесіне тінтуірдің оң жақ батырамсын басып «Шығу»-ды таңдаңыз.
- NCALayer қайта қосу, NCALayer орнатқаннан кейін және қосқаннан кейін NCALayer белгішесіне тінтуірдің оң жақ батырмасымен басып «Модульдермен басқару»-ды таңдаңыз.
- Ашылған модульдер тізімінен «СТК модулі» таңдаңыз және «Модульді бекіту» батырмасын басыңыз.
Егер сіздің NCALayer орнатылмаған жағдайда, сізге:
- ҚР ҰКО сайтынан http://pki.gov.kz/index.php/ru/ncalayer қондырғылық файлын жүктеу;
- http://pki.gov.kz/index.php/ru/ncalayer сайтында орналыстырылған NCALayer пайдаланушы нұсқаулығына сәйкес бағдарламалық қамтамасыз етуді орнатуын жасау.
- NCALayer орнатқаннан кейін және қосқаннан кейін NCALayer белгішесіне тінтуірдің оң жақ батырмасымен басып «Модульдермен басқару»-ды таңдау.
- Ашылған модульдер тізімінен «СТК модулі» таңдау және «Модульді бекіту» батырмасын басу қажет.
Назар аудараңыз! «Салықтөлеуші кабинеті» web-қосымшасымен әр жұмыс жасау алдында NCALayer қосымшасын қосу қажет.
ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінің
Баспасөз-қызметі
(Жеңіс данғ., 11)