Жарияланған күні: 06.06.2022 16:52
Өзгертілген күні: 06.06.2022 16:53

NCALayer 1.3 жаңартылған нұсқасының шығуына байланысты қосымшаны NCALayer жаңа нұсқасына қайта орнату қажет.

 

Ол үшін NCALayer 1.3 жаңартылған нұсқасын жүктеп, келесі нұсқауларды орындаңыз:

1 қадам. NCALayer-дің алдыңғы нұсқасын компьютерден жою керек.

2 қадам. NCALayer 1.3 жаңартылған нұсқасын компьютерге https://pki.gov.kz/ncalayer/ сілтеме арқылы орнатыңыз.

3 қадам. NCALayer орнатылған 1.3 нұсқасына кіруді жүзеге асырыңыз.

4 қадам. NCALayer бағдарламалық жасақтамасын іске қосқаннан кейін экранның төменгі оң жақ бұрышында NCALayer белгішесін тінтуірдің оң жақ түймесімен басып, "модульдерді басқару" тармағын таңдау керек.

5 қадам. Ашылған Модульдер тізімінде "СТК модулі" тармағын таңдап, "модульді орнату" батырмасын басыңыз, нәтижесінде модуль пайдаланушының компьютеріне орнатылады.

6 қадам. NCALayer бағдарламалық жасақтаманы қайта іске қосуды сұрайды. "Қайта қосу" түймесін басыңыз.

Нәтижесінде СТК Модулінің жаңартылған нұсқасы NCALayer-де орнатылатын болады және Сіз «Салық төлеуші кабинеті» web-қосымшасында жұмысты бастай аласыз.