Жарияланған күні: 12.01.2022 17:52
Өзгертілген күні: 12.01.2022 17:53

2022 жылдың 1 қаңтарынан бастап Салық кодексіне салықтарды есептеу кезінде ең төменгі жалақынының (ЕТЖ) орнына айлық есептік көрсеткіштің (АЕК) қолданылуын көздейтін өзгерістер күшіне енеді. Өзгерістер осыған дейінгі қолданылған ЕТЖ сомасына баламалы мөлшеріне сәйкес келтіріліп жасалды. Бұл туралы ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінде хабарлады.

Қазақстан Республикасының 20.12.2021 жылғы №85-VII Заңымен Салық кодексінің ең төменгі жалақыны көрсете отырып салық есептеуді қарастыратын нормаларда (Салық кодексінің 345-б., 346-б. 1-т., 360-б. 5-т., 484-б. 4-т., 642-б.) мұндай шамаларды қолданыстағы сомаларға баламада айлық есептік көрсеткішке ауыстырылған. Өзгерістер 2022 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енді.

Мысалы, бұдан бұрын 2022 жылға дейін, Салық кодексінде стандартты шегерім, яғни жеке тұлғаның табыстарына жеке табыс салығын салу кезінде алып тасталатын шегерім табыс есептелген әрбір күнтізбелік ай үшін 1 ең төменгі жалақы (ЕТЖ) мөлшерінде болған.

Енді, 2022 жылға 14 айлық есептік көрсеткіш (АЕК) мөлшерінде стандартты шегерім белгіленген: 14*3063 = 42 882 теңге ( 2021 жылы 1 ЕТЖ шамамен 2022 жылғы 14 АЕК-ке сәйкес келеді)

 

 

2021 жыл

2022 жыл

Салықтық шегерім

42 500 теңге 

42 882 теңге

 

Осылайша, енгізілген өзгерістерге байланысты есептеу тәртібі өзгермейді, тек салық шегерімдерінің мөлшері өзгереді.

 

Мысалдармен жеке табыс салығын есептеуді қарастырамыз.

№ 1-мысал. Жеке тұлғаның табысы 1 ЕТЖ (Е/Ж 25 АЕК-тен кем) болған кезде жеке табыс салығын (ЖТС) есептеу үлгісі

 

Мөлшері 25 АЕК – тен аспайтын кірістер бойынша (2021 жылы – 72 925 теңге, 2022 жылы-76 575 теңге) салық салынатын кірісті 90% - ға азайту көзделген. Яғни ЖТС нақты мөлшерлемесі 1% құрайды.

 

2021 жыл

2022 жыл

42 500 теңге – 4 250* – 850** –
42 500*** = 0 теңге х 10% =
0 теңге ( ЖТС сомасы)

60 000 теңге – 6 000*– 1200**– 42 882**** – 90% (Е/Ж 25 АЕК-тен кем болғанда)  = 991,8 теңге х 10% =
99 теңге (ЖТС сомасы)

Қолға тиетіні: 37 400 теңге

Қолға тиетіні: 52 701 теңге

 

 

№ 2-мысал. Жеке тұлғаның табысы 100 000 теңге (Е/Ж 25 АЕК-тен көп) болған кезде жеке табыс салығын (ЖТС)  есептеу үлгісі

 

2021 жыл

2022 жыл

100 000 теңге – 10 000* – 2000** – 42 500***= 45 500 теңге х 10% =
4 550 теңге (ЖТС сомасы)

100 000 теңге – 10 000*– 2000**– 42 882****= 45 118 теңге х 10% = 4 512 теңге (ЖТС сомасы)

Қолға тиетіні: 83 450 теңге

Қолға тиетіні:  83 488 теңге

 

 

* - МЗЖ (10%)

** - МӘМС жарналары (2%)

*** - 1 ЕТЖ (2021жылы)

**** - 14 АЕК (2022 жылы.).