Жарияланған күні: 26.10.2021 15:54
Өзгертілген күні: 16.11.2021 12:05

Салықтық тексерулер сияқты превентивті бақылау шараларымен қатар Мемлекеттік кірістер комитеті іс жүзінде салық салынатын базаны – ірі салық төлеушілерді мониторингтеуді айқындау мақсатында қаржы-шаруашылық қызметті талдауды жүзеге асырады. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында Мемлекеттік кірістер комитеті ірі салық төлеушілер департаментінің директоры Ануар Сүлейменов хабарлады.

Қазіргі уақытта мониторинг Салық кодексінің 132-бабына сәйкес жүзеге асырылады, онда алдын ала жүргізілген талдау бойынша алшақтықтар анықталған жағдайда салықтарды және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді есептеудің дұрыстығын растайтын құжаттарды ұсыну туралы талап қойылады.

Бұдан әрі бұзушылықтар анықталған жағдайда, ірі салық төлеушіге жазбаша түсіндірме беру құқығы беріле отырып, осындай бұзушылықтар туралы хабарланады және ұсынылған түсіндірмемен келіспеген жағдайда ғана мемлекеттік кірістер органы уәждемелі шешім шығарады және белгіленген бұзушылықтар мәселесі бойынша салықтық тексеруді тағайындайды.

2021 жылы ірі салық төлеушілердің мониторингін оңтайландыру үшін ең үлкен тәуекелдері бар ірі салық төлеушілердің нысаналы топтары айқындалды.

Мәселен, салықтық мониторинг шеңберінде 17 талап қойылды, жүргізілген жұмыс нәтижесінде салықтық түсімдер 42,3 млрд.теңгені құрады, бұл өткен жылға қарағанда 35,5 млрд. теңгеге артық.

Қазіргі уақытта Комитет фискалдық әкімшілендіруді цифрландыру бойынша ауқымды жұмыс жүргізуде.

Жоғарыда атап өткенімдей, салықтық бақылауды жүргізуге іріктеу үшін жасанды зердені қолдана отырып құрылған тәуекелдерді бағалау жүйесінің талдамасы негіз болады